Күн жүйесіндегі тоғызыншы ғаламшарды білесіз бе?

Америкалық ғалымдар Күн жүйесіндегі тоғызыншы ғаламшарды анықтады. Калифорниядағы технологиялық институттың ғалымдары - Майкл Браун мен Константин Батыгиннің жұмысы "Астрономиялық журналда" жарияланды. Дереккөз: tengrinews.kz

0
тоғызыншы ғаламшар

Астрофизиктердің мәліметінше, Күн жүйесіндегі тоғызыншы ғаламшардың бар екенін дәлелдейтін айғақ табылған. “Х Ғаламшар” көлемі жөнінен Нептунмен шамалас, ал газ көлемі Жер салмағынан 20 есе, диаметрі Жерден 2-4 есе үлкен.

© Caltech

Сонымен қатар, нысанның Күннен ең алыс жатқан ғаламшар – Нептун мен Жердің ара қашықтығынан 20 есе алыста екені белгілі болды. Астрофизиктердің айтуынша, “Х Ғаламшар” Күнді 10-20 жылда бір айналады.

© Caltech

Құпия ғаламшарды ғалымдар әзірше математикалық және компьютерлік модельдеу арқылы ғана тауып отыр. Олардың айтуынша, нысанды телескоп арқылы көру бес жылдан кейін ғана мүмкін болады.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу