Доллар бағамы енді айтарлықтай өзгермейді – ҚР Ұлттық банкі төрағасы

ҚР Ұлттық банкі төрағасы Данияр Ақышев доллар бағамы жақын арада айтарлықтай өзгермейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Дереккөз: tengrinews.kz

0
Ұлттық банк теңге

“Қазақстанның төлем балансы бойынша теріс сценарийлердің көп бөлігі іске асырылды. Мұнай бағасы 2 жыл ішінде 110 доллардан 28 долларға дейін құлдырады. Яғни, біз мұнайдың әрбір баррелінен 82 доллар жоғалтып отырмыз, бұл экспорттың 2 есе құлдырауына және одан түсетін валюталық түсімнің үш есе қысқартылуына әкеп соқтырды. Мұнай бағасы бір баррель үшін 30 АҚШ долларынан 20 АҚШ долларына дейін төмендеген кезде біздің шығынымыз бір баррельден небәрі 10 АҚШ долларын ғана құрайды, бұл валюта нарығындағы теңгерімге әсер ететіндей валюта түсімінің түбегейлі қысқаруына әкеп соқпайды”, – деді Ақышев.

Сонымен қатар, ол Қазақстан шетел валютасымен жасалатын операцияларға шектеу қоймайтынын айтты. “Біз шетел валютасымен жасалатын операцияларға шектеу қоюды қарастырмаймыз. Бұл ешқандай заңда негізделмеген”, – деді ҚР Ұлттық банк төрағасы.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу