ОҚО-да полицейлер қызметтік көлікте әйелді босандырып алды

Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар аудандық ішкі істер басқармасының учаскелік полицейлері қызметтік көліктерінің ішінде 24 жастағы әйелді босандырып алды. Оқиға таңғы сағат 4-тер шамасында жол бойында орын алған. Дереккөз: sn.kz

0
қазақстан полиция

Полиция капитаны Нұрлыбай Тасыбаев пен көмекшісі Жасұлан Пірімжанов елдімекендерді араламақ болып, Қоғам ауылына келеді. Тәртіп сақшылары жол бойында жалғыз тұрған «Мерседес» маркалы көріп тексермек болғанында, ішінде толғағы қысқан жүкті әйелдің бар екенін анықтаған. Күйеуі оны ауруханаға алып бармақ болағында көлігі бұзылып, жолда қалыпты.

Тәртіп сақшылары әйелді дереу өз көліктеріне отырғызып, ауруханаға қарай жол тартқан. Алайда, жарты жолда жүкті әйелдің толғағы күшейіп, инспекторлар оны жол үстінде босандырып алды.

Бала дүниеге келісімен Нұрлыбай Тасыбаев оны өзі киіміне орап, анасы екеуін ауруханаға жеткізген. Дәрігерлердің айтуынша, ана мен баланың денсаулығы жақсы, төніп тұрған қауіп жоқ. Ал, нәрестенің есімін ата-анасы Раяна деп қойыпты.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу