Парламент мәжілісінің және мәслиxат депутаттарын сайлау науқанына 8 млрд теңге бөлінеді

ҚР Парламент Мәжілісінің және мәслиxат депутаттарын сайлау науқанына шамамен 8 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті. Дереккөз: ҚазАқпарат

0
сайлау дауыс беру

«Мәслиxат және мәжіліс депутаттарын сайлауды бірлесіп өткізу арқылы біз бюджеттік қаражатты едәуір үнемдейтін боламыз. Үнем көлемі шамамен 4,8 млрд теңгені құрап отыр. Жалпы сайлау науқанына біз шамамен 8 млрд теңге бөлінеді деп қарастырып отырмыз», – деді ол.

Оның айтуынша, жалпы Парламент Мәжілісіне 107 депутат, жергілікті мәслиxатқа 3 335 депутат сайланады.
Айта кетейік, ҚР Парламент Мәжілісінің және мәслиxат депутаттарын сайлау 20 наурызға, ҚХА атынан ұсынылатын депутаттардың сайлауы 21 наурызға белгіленді.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу