Талғат Мұсабаев ҚР Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитетінің төрағасы Талғат Мұсабаев республика президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Талғат Мұсабаев

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитетінің төрағасы Талғат Мұсабаев республика президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың  Өкімімен Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметіне 2017 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы өкілеттік мерзімге тағайындалды», — делінген хабарламада.

Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев 1951 жылғы 7 қаңтарда Қазақ КСР Алматы облысы Жамбыл ауданының Қарғалы ауылында (Қазақстан Республикасы) туған.

1994 жылғы 1 шілде – 4 қараша аралығында Ю. Маленченкомен және В. Поляковпен бірге «Союз ТМ-19» ғарыш кемесінде «Мир» орбиталық кешеніне ЭО-16 негізгі экспедициясының бортинженері ретінде алғашқы рет ғарышқа ұшты. Жалпы ұзақтығы 11 сағат 7 минут болатын уақыт ашық ғарышқа шықты. Ұшудың ұзақтығы 126 тәулікті құрады.

1998 жылғы 29 қаңтар – 25 тамыз аралығында – «Союз ТМ-27» ғарыш кемесінің және ЭО-25 (НАСА-7/ «Пегас») бағдарламасы бойынша «Мир» орбиталық кешенініңкомандирі ретінде Н. Бударинмен және Л. Эйартцпен екінші рет ғарышқа ұшты. Ұшу кезіндежалпы ұзақтығы 30 сағат 8 минут болатын уақыт5 рет ашық ғарышқа шықты. Ұшудың ұзақтығы 207,5 тәулікті құрады.

2001 жылғы 28 сәуір – 6 мамыр аралығында – Ю. Батуринмен және әлемдегі тұңғыш ғарыштық турист – АҚШ азаматы Денис Титоменбірге (әлемдік біріншілік) «Союз ТМ-32» кемесінің командирі ретінде ғарышқа ұшты.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу