Нұрсұлтан Назарбаев: Құнсыздану іс жүзінде әлемнің барлық валюталарын қамтыды

Құнсыздану іс жүзінде әлемнің барлық валюталарын қамтыды. Бүгін отандық телеарналар арқылы депутаттардың Мәжіліс пен мәслихат сайлауын мерзімінен бұрын өткізу бастамасына орай Қазақстан халқына үндеу арнаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. Дереккөз: ҚазАқпарат

0
Нұрсұлтан Назарбаеы

«Энергия тасымалдаушылар бағасының құлдырауы салдарынан көптеген елдерді қамтыған экономикалық дағдарыс барша әлемдік экономикаға және оның ажырамас бөлшегі ретінде біздің елімізге де байыпты ықпал етеді. Осынау қиын-қыстау уақыт елдің алдына өте күрделі міндеттер мен сын-қатерлерді жүктеп отыр», – деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысы өз сөзінде халықаралық ахуалдың күрделеніп, жетекші мемлекеттер арасындағы теке-тірестің өрши түскендігін, санкциялық сарсаңның күшейгендігін баса айтты.

«Сарапшылардың басым бөлігі «қырғи-қабақ соғыс» аяқталған сәттен бері әлемдік державалар арасындағы келіспеушілік қазіргідей жағдайға жеткен жоқ, деген ортақ пікірге келіп отыр.  Мұндай жағдайда өңірлік жанжалдың жаңа ошақтары пайда болады. Мұны біз көріп те отырмыз. Лаңкестік қатер арта түседі. Босқындардың жаһандық толқыны ғаламшардың жаңа өңірлеріне жайыла түсуде. Әлемдік сауда көлемі құлдырауда, қаржы нарықтарының құлауы орын алуда. Құнсыздану іс жүзінде әлемнің барлық валюталарын қамтыды. Мұның барлығы да өңірлік және ұлттық экономикаға теріс ықпал етеді», – деді Н.Назарбаев.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу