Қазақстан инновациялық экономикалы 50 елдің индексіне енді

Bloomberg-тің инновациялық экономикалық индексінде бірінші орынды Оңтүстік Корея иеленді. Одан кейінгі орындарға Германия, Швеция, Жапония және Швейцария орналасты. Ең инновациялық елдер ондығына сондай-ақ Сингапур, Финляндия, АҚШ, Дания және Франция енді, деп хабарлады РБК. Дереккөз: ҚазАқпарат

0
инновация

Bloomberg-тің инновациялар индексінде 50 ел бар, оны Таиланд, Марокко, Аргентина және Қазақстан тұйықтайды.

Ресей биылғы жылы 12-ші орында, өткен жылы ол 14-ші қатарда тұрған болатын.

Bloomberg инновациялар индексі жеті көрсеткіш негізінде құрылған: ғылыми-зерттеу және тәжірибелік конструкторлық жұмыстарға шығындар, өнімділік, экрономикада жоғары технологиялы компаниялардың болуы, жоғары білімнің таралуы, тауарлардың қосымша құны, тіркелген патенттер саны және зерттеушілер саны.

Bloomberg тізімінде Қытай 21-ші орында, Малайзия, 25-ші, Гонконг – 37-ші, Үндістан – 45-ші орындарда.

Wells Fargo экономисі Джей Брайсонның атап өтуінше, Қытайдың 21-ші орында болуы ҚХР-дың дамушы ел мәртебесін бейнелейді, ол технологиялар жасап отырған жоқ, оны көшіріп отыр.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу