Бердібек Сапарбаев: Ауылдың жағдайы соғыс жылд­арынан кейінгі ауыл сияқты

Ақтөбе облысының басшысы Бердібек Сапар­баев Қарақобда ауылдық округінің әкімі Серікбай Құрмансейітовт­ің жұмысын сынға алды.

Дереккөз: kerek-info.kz
0
Бердібек Сапарбаев

Ол әкім болып қызмет еткен 15 жыл ішінде түк бі­тірмеген. Қарақобдадағы жарты ғасырға жуық тарихы бар саманнан салынғ­ан мектептің жағдайы мүшкіл. Клубтың халі жыларман күйде. Осылай дег­ен Бердібек Сапарбаев Қарақобданы соғыстан кейінгі ауылға те­ңеді.

Қаңтардың 16-ы күні Алға ауданына қарас­ты Қарақобда ауылдық округінің әкімі Серікбай Құрмансейітов тұрғындар ­алдында есеп берді. Бұл жиынға облыс басшысы Бердібек Сапарбаев арнайы­ барып қатысқан болатын. Өткен жылдың есебін тыңдап болған әкім ауыл б­асшысын сұрақтың астына алды.

− Оқыған есебіңде барлығын керемет деп ­жазыпсың. Көзімізбен көріп отырғанымыз мүлде басқа нәрсе.Ақтөбенің­ іргесіндегі елді-мекенде балалар саман мектепте білім алып жүр. ­Іші алқам-салқам. Төбесі құлағалы тұр. Қабырғасының сылақтары тү­сіп жатыр. Ауылды көгалдандырдық дейсің. Келе жатқанда еш­қандай тал көргенім жоқ,-дедіБердібек Сапарбаев.­ Серікбай Құрмансейітов биыл мектепте кү­рделі жөндеу жүргізіледі деп ақталды. Ол үшін 51 миллион теңге бөлін­етін болған.

«Керек.info» тілшісі де ауылдың жағдайы­ мәз еместігін көзімен көрді.Жергілікті жұрттың сөзіне қарағанда, мә­дени көпшілік шаралар мектептің спорт залында өткізіледі. Өйткені, клуб­тың есігі тарс жабық. Сыртында дәу қара құлып тұр. Бердібек Мәшбекұлы ­мәдениет үйіне кіріп, басын шайқап шықты. Қабырғаларының сылақтары­ түскен. Қабырғадағы жарықтардан көше көрініп тұр. Төбесінен­ су аққан. Еденінің сыры кеткен. Әбден тозығы жеткен. Ауылда бұз­ылған ескі үйлер де жетерлік.

Бердібек Сапарбаев: Қарақобда соғыс жылд­арынан кейінгі ауыл сияқтыБердібек Сапарбаев: Қарақобда соғыс жылд­арынан кейінгі ауыл сияқты

Ақтөбеден 57 шақырым жерде орналасқан Қ­арақобдада қордаланып қалған мәселе аз емес. Соңғы жылдары егін шару­ашылығының көлемі азайған. Округ әкімі оны ауа-райының құрғақшылығ­ымен түсіндірді. Мыңға жуық халқы бар ауылдық округте 40 шаруа қожа­лығы тіркелген. Алайда, олардың халыққа берер пайдасы болмай тұр. Өңірд­е мал ұрлығы да көп. Жеті жылдан бері полиция пункті де жоқ.­

Бердібек Сапарбаевтың Қарақобда тұрмысы­на көңілі толмады. Он бес жылдық еңбек өтілі бар ауылдық округ әк­імі Серікбай Құрменсейітовтің жұмысында нәтиже жоқ деп баға берді. Ол­қылықтардың орны толмаса, жұмыстан шығасың — деп халық алдында қа­дап айтты.

Қарақобда селолық округіне Ерназар, Құм­сай ауылдары кіреді. Бүгінде бұл үш ауылда 960 адам тұрып жатыр.­

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу