Британдық әнші Адельдің бейнеклипі миллиард рет қаралып, рекорд орнатты

Британдық әнші Адельдің Hello әніне түсірілген бейнеклипі YouTube хостингінде 88 күнде миллиард рет қаралды деп хабарлайды Vocativ порталы. Бұған дейінгі ең үздік көрсеткіш корей әншісі PSY-ға тиесілі еді. Оның Gangnam Style әніне түсірілген бейнеклипі 159 күннің ішінде 1 миллиард рет қаралған. Дереккөз: sn.kz

0
adele адель

Адельдің былтыр 22 қазанда шыққан жаңа бейнеклипін бірінші күні 27,7 миллион көрермен қарап, алғашқы рекордын орнатқан болатын. Одан кейінгі үш айдай уақытта әнге деген қызығушылық артып, күн сайын жаңа 10 миллион қаралым қосылып отырған. Миллиардтық көрсеткішке ол Gangnam Style әніне қарағанда екі есе жылдам жетті. Қазіргі таңда PSY-дың осынау бейнеклипін 2,5 млрд адам қараған. Сарапшылар болса Адельдің жаңа әні бұл рекордты да жаңартады деп сеніммен айтып отыр.

Адель Лори Блю Эткинс — шоу-бизнесте жолы болған заманауи британдық әншілердің бірі. Оның 2008 жылы «19» деген атаумен шыққан альбомы әншіге екі «Грэмми» жүлдесін алып берді.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!