СІМ: «Қауіпті елдер» туралы заңды АҚШ мақұлдамаған

Қазақстан сыртқы істер министрлігі АҚШ-та Қазақстанды "қауіпті елдер тізіміне" қосу туралы заң жобасы мақұлданбағанын хабарлады.

Дереккөз: Азаттық
0
Қазақстан сыртқы істер министрлігі, Астана.

Бірер күн бұрын америкалық Journal Star агенттігі Кентукки штатынан сайланған сенатор Рэнд Пол қауіпсіздікке қатысты заң жобасын дайындағанын хабарлаған. Онда Қазақстан мен постсоветтік бірнеше елден және бірқатар араб мемлекеттерінен «АҚШ-қа терроршылар келуі мүмкін» деп, оларды «қауіпті елдер» тізіміне қосу ұсынылған.

СІМ баспасөз қызметі бұл ақпараттың ескі екенін және аталған заң 2015 жылы қарашада дайындалып, оны АҚШ конгресінің жоғарғы палатасы көпшілік дауыспен қабылдамай тастағанын айтады.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу