Қазақстандық әртістердің табысы екі есеге дейін төмендеді

Қаржылық дағдарыс қазақстандықтардың да қалтарын қағып, той-томалақты қысқартуға ықпал етуде. Тіпті бұрынғыдай дүркіретіп той өткізіп, шашылып жатқандардың да қатары азайған. Мұндай өзгеріс отандық жұлдыздардың табысына да әсерін тигізуде, деп жазады NUR.KZ ZTB.KZ-ке сілтеме жасап.

Дереккөз: nur.kz
6
әнші луина

Қазақстандық әртістер тойға шақыртудың қаншалықты жиі түсетінін және дағдарыстың қаламақыға қалай әсер еткенін ашық баяндады.

Әнші Ерке Есмахан

6c7d25bca1bbdd6415bd03cc628ceb4c

Ерке Есмахан дағдарысты еш сезінбегенін жасырмады.

«Дағдарыс бастала салысымен, Төреғали Төрәлі екеуіміздің “Алло” әніміз көрерменге жол тартты. Жаңа ән жанкүйерлердің көңілінен шығып, халыққа тез тарады. Содан болар, тойға да, мерекелік кештерге де бізді көп шақыра бастады. Тіпті қазір мені тойдан жиі кездестіресіз. Дағдарысқа дейін мұндай сұраныс болған жоқ еді», – дейді Ерке Есмахан.

Әншінің ойынша, дағдарыстың ықпал етуі адамның әрекетіне байланысты. Әртіс репертуарын толықтырып, жаңа әндер жазуды жоспарлап отыр және дағдарыс оған әсер етпейтініне бек сенімді.

МС Сайлаубек

мсс

Түсініксіз тілде ән айтатын рэпер шығармашылығына дағдарыстың әсер етпейтінін мәлімдеді.

«Халықтың сұранысы азайған жоқ. Біз ешқандай дағдарыстан әлде қиындықтан қорықпаймыз. Бұл алдымыздан тек жаңа мүмкіндіктер ашады», – дейді МС Сайлаубек.

Mysterions тобы

maxresdefault

Ал Mysterions тобының әншілері дағдарыстың жігіттердің өнеріне көлеңкесін түсіріп жатқанын жасырмайды. Қазір топ солистері мерекелік кештерге, тойға көп шақырту алмайтын көрінеді.

«Егер біздің топты алсақ, біз тойға көп шықпаймыз. Көбінесе үлкен концерт залдарында, алаңдарда, клубтарда өнер көрсетеміз. 2016-2017 жылдар халыққа ауыр соғары сөзсіз, бұл уақытта да еңсемізді төмен түсіруге болмайды», – дейді әртістердің бірі.

“All Давай” тобы

glavnaya1

«Теңгемен есептесек, қаламақымыз сол қалпында, ал доллармен есептегенде, табысымыз екі есе азайды», – деп мойындады музыканттар.

Әнші Ернар Айдар

7534435_m

«Дағдарыс бәріне бірдей әсер етті, бізді де айналып өткен жоқ», – деп қысқа қайырды Ернар Айдар.

Продюсер Алуа Қонарова

0BFYB1dfajM

«Менің әртістерім үлкен алаңдарда ән айтады, дағдарысты едәуір сезіндік. Тойға мүлдем шықпаймыз, оған тәуелді де емеспіз», – дейді продюсер.

Әнші Кентал

9446_w_967a7c94b

Кентал халықтың сұранысы азайғанын бірден ауызға алды.

«Менің ойымша, басқа түскен қаржылық жағдайға халықтың еті үйренуі керек. Біраз уақыттан соң, бәрі өз орнына келеді, тығырықтан шығатынымызға күмәнім жоқ», – деп үміттенеді Кентал.

Әнші Луина

e8821008107605e42e19f4efb5473ff5

«Дағдарыс жұмысымызға әсер етпей қоймады. Әртістердің табысы екі есе төмендеді, шақыртуды да аз аламыз.

Әнші Димаш Құдайберген

slavic-bazaar-vitebsk-20150713-08

«Дағдарысты аса сезіне қойған жоқпын. Дүркіретіп той өткізу қазақтың қанныда бар қасиет. Ол ешқашан толастамақ емес. Тіпті халық сол үшін несие алады. Әртістердің жағдайы да бұрынғы қалпында секілді. Болашақта да ештеңе өзгере қоймас», – деп нық сеніммен жауап берді “Славян базарының” жеңімпазы Димаш.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

6 пікір

  1. Казак тойшыл халык, той жасауды токтатпайды, тек аншилер арандарынды аша бермей халыктын калтасынада карап гонарарларынды томендету керек, сонда бари жаксы болады, кудайга шукир.

  2. Юлдуз Усманова сияқты примадонна әнші керек болып тур фонаграммамен айтатын әншілерди шетинен жоғына жанады или салық төлетіп отыртады қап әттегенай

  3. Халық халық деп ,той тоқтамақ емес деп,дағдарыс кедергі бола. алмайды деп аңқай халықтың ақшасын алу ғой бұлардың ойлары.Әркім өзі үшін.

    • еркең құрысын қу түлкіше тағы төреғалиға жабысып алыпты гой

    • Ерке Төреғалидың достарының әндерінің арқасында танымал болды. Төреғалиға дейін хит әндерімен танылатын болса қайда жүр. Қалай болғанда да Төреғали арқылы танылды. Оны мойындау керек.Әншінің бағын ашқан «Алло» әні . Қайнар мен Құралдың туындысы болмағанда Еркең көп әншінің бірі болып қалатын еді. «Алло» әнін халық Төреғали арқылы қабылдады, Еркенің шиқылдаған даусы жағымсыз. Керемет болса өзімен -өзі танылсын. Төреғалидың мазасын алып, басын қатырмасын.

Пікір қосу