Қызылордада қос полицейді пышақтаған азамат, бес жылға бас бостандығынан айырылды

Қос полицейді пышақтаған қызылордалық бес жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлады қалалық №2 соттың баспасөз хатшысы Исағали Тұңғышбаев. 

Дереккөз: ҚазАқпарат
0
Полиция

«Сотталушы 2015 жылдың 9 қарашасында сағат 4-тер шамасында Қызылорда қаласындағы сауналардың бірінде сонда еден жуушы болып жұмыс істейтін танысымен бірге сыра ішіп, сол жерде сотталушы жанжал шығарып, танысын ұрады. Сол кезде сауна әкімшісі «102» нөміріне қоңырау шалып, көмекке полиция шақырған», — деді ол.

Сол жерге № 4 учаскенің №680 экипажы келіп, жанжал шығарған күдіктіге заң талабына бағынуын ескертіп, тәртіпке шақырады. Сотталушы сыртқа шыққан соң тәртіп сақшыларына пышақ сермеп, жарақаттар салған.

Сот үкімімен сотталушыға ҚР ҚК-нің 380-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танып, 5 (бес) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазасын түзеу колониясының жалпы режімінде өтейді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу