Иттерді қолға үйрету 33 мың жыл бұрын Шығыс Азияның оңтүстігінде басталған

Біздің ғаламшарымызда иттердің 400-ден астам тұқымы бар. Үлкен айырмашылықтарына қарамастан, олардың барлығы сұр қасқырдан тараған, деп хабарлады Синьхуа. Дереккөз: ҚазАқпарат

0
Бүркіт салу

Қытай Ғылым академиясының (ҚҒА) Куньминь зоологиялық институтының ғылыми қызметкері Ван Годунның айтуынша, адамның төрт аяқты досының пайда болу тарихын нақтылау үшін қытайлық ғалымдар тобы әлемнің түрлі аудандарында мекендейтін сұр түсті қасқырлар мен түрлі тұқымдағы иттердің генетикалық материалын жинауға екі жыл уақыт жұмсаған. Олардың арасында Шығыс Азия, Оңтүстік-Шығыс Азия, Еуропа, Африка және Солтүстік Америка бар.

ДНК нәтижелерін талдау негізінде ғалымдар иттерді қолға үйрету 33 мың жыл бұрын Шығыс Азияның оңтүстігінде басталғанын растап шықты. 15 мың жылға жуық уақыт бұрын иттер Орта Шығыста және Африкада және шамамен 10 мың жыл бұрын Еуропада пайда болған. Кейіннен бұл үй жануарлары иелерімен бірге Америкаға да қоныстанған.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!