Кәмшат Жолдыбаеваның ашық көйлегін көрермен тікелей эфирде сынап тастады (фото, видео)

"Таңшолпан" ақпараттық-сазды бағдарламасына қонаққа келген Кәмшат Жолдыбаеваның ашық көйлегін студияға хабарласқан көрермен тікелей эфирде сынап тастады.

Дереккөз: nur.kz
8
Кәмшат Жолдыбаева

Мұндай пікірді мүлдем күтпеген Кәмшат алғашында не айтарын білмей, тосылып қалды, алайда бағдарламадан соң, әнші әлеуметтік желіде өз пікірін жазды.

“Тікелей эфирде сын айттым деп, төбесі көкке жетіп отырған аруға айтарым : Алмагүл ханым, мүмкін сіз өмірде қымтанып киініп жүретін боларсыз және соны адамның жан-дүниесінің , сауаттылығы мен имандылығының көрсеткіші деп білетін боларсыз. Сіз қателесесіз! Бұл Сіздің жеке тұлға ретінде ой-өрісіңіздің төмендігін көрсетеді”, – дейді әнші.

“Біле білсеңіз (білмеген болсаңыз, өзіңізге түртіп алыңыз), бұл сахна киімі (соның ішінде, отандық дизайнеріміздің керемет заманауи туындысы), бұл біріншіден. Екіншіден , заманауи эстрадаға деген мынадай көзқараста болсаңыз – теледидары, әлеуметтік жүйесі жоқ бір бөлек жерде мекен етіп жатсыз-ау… Бірақ теледидарыңыз болу керек , өйткені бүгін бағдарламаны көрдіңіз ғой!”, – деп ойын білдірді Жолдыбаева.

Әнші Instagram парақшасында бағдарламаға киіп келген көйлегімен ән шырқап тұрған сәттен үзінді жариялады.

Ал видеоны көрген ғаламтор қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі Кәмшаттың сұлу мүсінін мақтап жатса, енді бірі қазақ қызының ұстамды киінуі дұрыс екенін айтуда.

Айта кетейік, әнші Кәмшат Жолдыбаева соңғы уақытта ашық көйлектерімен жанкүйерлер сынына жиі ұшырайтын әнші бойжеткендердің бірі.

камшат койлек

Фото: Instagram

камшат откр

Фото: Instagram

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

8 пікір

    • Шаншардагы Уалибек агамыздын кыскарып кыскарып бир куни узилип ла ла ла деп журетин кун келипти

  1. Керемет əдемі .Киімі де сондай жарасымы . Адамға ең оңай іс, біреуді сынау . Сол сынаудан аулақ болайық . Кімге не жарасады , соны киіп жүрсе несі жаман…….

  2. Бұл сахна киімі дейді. Сонда Роза, Мақпал, Жанар апаларымыздың киіп жүргендері қандай киім, ат қораның киімі ма? Олар үлкен дейтін шығарсың, Қарақат та тым ашық киінбейді. Сенің Кәмшат өзің сауатсызсың. Ұят — иманның жартысы деген сөз бар. Сахнаның киімі жалаңаш емес, сен олай оттама және сенің түскен жалаңаш суреттерің де сахнаның сыртында. Админ комментті жібер

    • сахналык киiм деп, онда барiн шешiп тастап журиниз. Алмагул ханым оте орынды айтты. Биз мусылман халыкпыз, шамалы да иманды болу керек кыз бала деген.

  3. ар кимнин оз оиы мен пикиры бар биреуге бирнарсе айтардын алдында адаам озин не карап алу керек деп оилайм

Пікір қосу