Алматыдағы перзентханалардың бірінде 30 нәресте сатылған

Алматы қаласындағы перзентханалардың бірінде дәрігерлермен ауыз жаласқан аналар жаңа туған сәбилерін саудалап келген. Бұл ақпаратты Алматы қаласы Ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі растады. Дереккөз: almaty.tv

1
Алматы сәби

Алматы облысына қарасты көп салалы клиникалық аурухана қызметкерлерінің ісі ақ халаттыларға деген сенімге селкеу түсірді. Нәрестелерді бизнес көзіне айналдырған ашкөздер 8 жыл ішінде 30 бала сатқан. Сатып алушылардың саны жыл сайын өспесе, кемімеген.

Құрамына акушер-дәрігерден бастап бөлімше меңгерушісіне дейін 10 дәрігер кіретін қылмыстық топ осы уақытқа дейін жасырын әрекеттерін «жемісті» жүргізіп келіпті. Тергеу нәтижесінде белгілі болғандай, олар әр нәрестені 150 мың теңгеден бастап 6 мың АҚШ долларына дейін саудалаған.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

1 пікір

  1. Қазақтар не болып барады. Біресе баланы туып тастап кетеміз. Біресе баланы машинадан лақытырып жібереміз. Біресе балаларды сатамыз. Не болып барады өзі?

Пікір қосу