Әжетханада табылған сәби әкесіне берілуі мүмкін

Жамбыл облысында дәретханада табылған нәрестеге талас одан сайын қыза түсті. Әжетханада табылған сәби әкесіне берілуі мүмкін. Сәбиді нағашы әжесі де бауырына басуға мүдделі. Сондықтан ол өзге асырап алушыларға бекерге жанталаспауға кеңес берді, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. Дереккөз: КТК

3
әжетханада табылған сәби

Қазір соған қатысты құжаттарын жинап, мамандардан кеңес алып жатыр екен. Дегенмен оның әрекетінен түк шықпайтын тәрізді. Өйткені заң бойынша жасы 45-тен асқан адамның жаңа туған сәбиді асырап алуға хақысы жоқ екен.

Бибігүл Мәжіғұлова 45 жастан асқанда бұлай ұятқа қалу үш ұйықтасам түсіме кірмеді дейді. Жалғызбасты әйел сұмдық оқиғадан әлі күнге есін жия алатын емес. Бұған дейін қызынан немере сүйген әйел екінші мәрте әже болатынын білмеген. Ал өлім аузынан қалған жиеніне ел-жұрттың таласуы оның жанына қатты батыпты. Айтуынша, өзі нәрестеден бас тартпақ емес, сондықтан бауырына басу үшін бар күшін салмақ. “Кешірсін, қайтып берсе екен енді, құдайдан тілейтінім осы. Баланы берсе болды, одан бас тартқан емеспіз.Ешкімге бермеймін, қайтып аламын. Екеуін өле өлгенше асыраймын”, – дейді Бибігүл Мәжіғұлова.

Сонымен қатар, телеарна тілшілерінің мәліметінше, баласын туып, дәретханаға тастап кеткен 21 жастағы келіншек Тараздағы дәмханалардың бірінде даяшы болып қызмет істеген. Тапқан ақшасын ауылдағы екі жастағы қызы мен шешесіне жіберіп отырыпты. Үйіне жиі соқпайтын әйел бұған дейін тұрмыста болып ажырасқан екен. Ал бұл жолы отбасылы еркектен жүкті болса керек. Дегенмен әкесі одан бас тартпаған. “Сондай-ақ, көкек ананың өзі де суицид жасамақ болғаны анықталды. Көп мөлшерде дәрі ішіп хал үстінде ауруханаға түсіпті. Дәл сол кезде оның іздеуде жүрген әйел екені белгілі болған. Қазір ол кепілақымен босатылған, дегенмен қылмыстық іс әлі тергеліп жатыр. Енді ол аналық құқынан айырылады немесе 4 жылға сотталады”, – деп хабарлады тілшілер.

Ал кішкентай Жансаяны ажалдан құтқарып қалған отбасы бала-шағасымен қонаққа кетіп бара жатып, дәрет сындыруға тоқтаған. Әжетхананың шұңқырында шырылдап жатқан сәбиді ең бірінші келіні байқап тысқа жанұшыра жүгіріп шығыпты. Сөйтіп дереу тәртіп сақшыларына хабар берілген. “Қарасақ, дәретхананың ішінде бұрышында жатыр екен.. Оң жаңбасымен беті, бері қараған. Қол аяғы қимылдап жатыр. Сол дауысты естіп көрдік,сосын жолдасым хабар берді дереу”, – деді Тараз қаласының тұрғыны Гүлайым Көбәділова.

Қатыгездікке барған келіншек ауылына шамамен 60 шақырым жердегі дәретханада қылмыс жасамақ болған. Оның бұл жерге немен келіп, немен кеткені беймәлім. Бірақ шақалақ осы жанұяның арқасында өлімнен аман қалды. Тараздағы бөбектер үйінде жатқан сәбиді кімнің бауырына басары әзірше белгісіз. Нағашы әжесіне де бұйырмайтын тәрізді. Өйткені заң бойынша жасы 45-тен асқан адам жаңа туған нәрестені асырай алмайды.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

3 пікір

  1. құтқарып алған жігіттің әйелі балаға мейірленім, жылап сұраған жоқ па? Сол келіншекке берсе болмай ма?!

  2. Ьалага зар боп журген айелдер каншама солардын бири мен. Алла тагалам он козимен караса екен,маган берсе екен…. Менин тилегим сол

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!