Дәретханадан табылған нәрестені жақындары жатқа бергісі жоқ

Жамбыл облысында дәретханадан табылған нәрестені жақындары жатқа бергісі жоқ. Немересін бауырына басқысы келетін нағашы әжесі қазір қажетті құжат жинап жатыр. Дегенмен өз немересін қайтарып алуды тек сот шешпек. Өйткені заң жүзінде бала мен асырап алушы әйелдің жас айырмашылығы 45-жастан көп болса жаңа туған нәрестені бауырына басуға мүмкіндігі жоқ. Дереккөз: 31.kz

7
дәретхана нәресте

Бибігүл Мәжіғұлова қартайғанда туған қызының қылығы үшін қымсынғанына қынжылады. Бұған дейін немере сүйген әйел екінші мәрте әже болатынын білмепті. Онсызда сұмдық оқиғаны естігелі есім кіресілі-шығасылының күйін кештім деген ол, жиеніне таласқан жұрттың әрекеті жаныма батты дейді.

Өз баласын өлім аузына тастаған келіншек Тараздағы дәмханалардың бірінде даяшы болған. Бар тапқанын ауылдағы анасы мен екі жастағы қызының ас ауқатына жұмсаған. Бұған дейін тұрмыс құрған оның ажырасқаны мәлім. Анасының айтуынша бұл жолы отбасылы еркектен жүкті болып қалған. Әкесі баладан бас тартпайтынын айтыпты. Босанбас бұрын аяғы ауыр келіншек өз – өзіне қол жұмсамақ ниетінде дәрі ішіп, ауыр халде ауруханаға түскен екен. Дәрігерге тіркелгені арқылы тәртіп сақшылары дереу тауып алды. Енді ол аналық құқығынан айрылуы немесе 4 жылға сотталуы мүмкін.

Нәжіс арасында қалған Жансаяны мына отбасы ажал аузынан арашалап қалды. Отбасы қонаққа бара жатып, жолау дәретханаға тоқтаған. Шұңқырда шырылдаған дауысты алдымен келіні естіп, дереу тәртіп сақшыларына хабар берген.

Гүлайым Көбәділова, Тараз қаласының тұрғыны:
– Қарасақ, туалеттің ішінде бұрышына қарай, жатыр екен кішкентай әлди. Оң жаңбасымен беті бері қараған. Қол -аяғы қимылдап жатыр. Сол дауысты естіп көрдік, сосын жолдасым хабар берді дереу.

Өз баласын өзектен тепкен ана ауылдан 60 шақырым жердегі дәретханада тастап кеткен. Бұл жерге қалай және кіммен келгені беймәлім. Абырой болғанда туыла салысымен шамамен жарты сағаттан соң Көбәділов отбасы мінген көлік тоқтап, тірі қалуына себепкер болды. Әзірге бөбектер үйіндегі Жансаяны кім бауырына басатыны белгісіз.

Нұрадин Рақай, Ғани Айдарқұлов.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

7 пікір

  1. оңбаған, неткен ұятсыздық, осылай кишкентай ғана бөбекті калай қолы барып қалдырды екен

  2. Алланын кози тура болса екен. Акесине беру деген Жансаяны екинши рет корлау. Аллам шебер гой кимге беретинин ози биледи. Ахметовтар отбасында оссе ол буган жасаган корлыктардан кутылатын еди.

  3. Бұл Бибігүл кезінде өз қызын дұрыс тəрбиелеуі керек еді. “…Ана көрген тон пішер”деген. Қызына дұрыс тəрбие бере алмаған əйел енді жиеніне жақсы тəлім бермейді.

  4. Халайык байкап сойлейк ,биреуге акыл айту онай ,21- жасында талай киындык корген екен .Бирдене деу киын . Алла тузу жол корсетсин .Кыздар еркектерге сенбендер ,занды некеге турмай. Отбасы бар еркекке жоламандар ,одан бакыт таппайсындар ,тек оздерин сорлайсындар .

  5. нагашы апасы коп оттай бермесин калай кызынын жукти екенин билмейди оттай береди кызды олардын колына бермеу керек шакалак оз анасынан ажал куша жаздады тагыда кол жумсаса ким кепил оданда мейырымды отбасы жугирип журген соларга берген дурис шыгар

  6. БУЛ НАРЕСТЕНЫ ТУГАН БЕЗ БУИРЕК АНАСЫНАДА ЖАНЕ АЖЕСЫНЕДЕ БЕРЫЛМЕУЫ ТИЫС ДЕП ОИЛАИМ ОЗДЕРЫНЫЗ КОРДЫНЫЗДЕРГОИ КАНДАИ ЖЕРДЕ ОМЫР СУРП ЖАТКАНДАРЫН БАЛКЫМ ТУРМЫС ЖАГДАИЫ БОЛМАГАСЫН СОНДАИ КАДАМГА БАРГАН ШЫГАР БОЛМАСА БАИКАМАИ ТУСЫРЫП АЛСА НЕГЕ ОЗЫ КОМЕК СУРАП ШАКЫРМАДЫ

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!