Солтүстік Қазақстан медицина колледжінің асханасы нағыз тойханаға айналған

Солтүстік Қазақстан медицина колледжінің асханасы нағыз тойханаға айналған. Соңғы уақыттарда сабақ өтіп жатқанына қарамастан үйлену тойлары, ас беру сияқты шаралар жиі өткізілетін болыпты. Мемлекеттік білім ордасының ғимаратындағы бұл жағдай алдымен оқу процесіне кедергі келтіреді, - дейді студенттер.  Ал бүгін Астанада есеп берген облыс әкімі Ерік Сұлтанов болса, асхананы жалға беріп, пайда тауып отырған кәсіп туралы білмейтін болып шықты. Дереккөз: 31.kz

0
медициналық колледж

Бұл бейнежазба Петропавлдағы медициналық колледждің асханасында түсірілген. Орта кәсіптік оқу орнының асханасы демесеңіз, кәдімгі тойханадағы үйлену тойы. Дастарханға ішімдіктің түр-түрі қойылып, қожайын қонақ еткен жүздеген адам ойнап-күліп, шараны барынша көңілді  өткізіп жатқанын аңғару қиын емес.

Ал мемлекеттік оқу орнына кіру біз ойлағаннан әлдеқайда қиын болды. Түсірілім тобымызды қарсы алған күзетшілер камерамен жұмыс істеуге мүмкіндік бермеуге бар күштерін салды.

Дегенмен асханаға кірудің сәті біршама уақыттан кейін түсті. Мұнда студенттердің  “асхананың екі бөлікке бөлінеді деген сөздеріне өзіміз куә болдық.  Өйткені дәл ортасынан ұзыннан ұзақ перделер ілулі тұр. Оның үстіне студенттер тамақтанатын орынның екінші бөлігіндегі үстел мен орындықтар қонақтарға дайындалғандай жайғастырылған. Дегенмен асхана қызметкерлері  той мен өзге де шаралардың өтетінінен хабарсызбыз дейді.

Солтүстік Қазақстан медициналық колледжінің асхана қызметкері:

– Білмеймін.Осы жерде бірнеше жыл істеп жүрмін. Ешқандай шағым болған жоқ. Ал екіншіден, біздің асханамызда тек колледжге қатысты іс шаралар ғана өтеді.

Ал бүгін Астанада журналистердің сұрағына жауап берген облыс әкімі бұл туралы біздің арнамыздан бірінші рет естігенін айтты. Дегенмен мемлекеттік мекемедегі мұндай жайтты “жұмыс орныма бара сала шешемін”,- деп уәде берді.

ЕРІК СҰЛТАНОВ, СҚО әкімі:

– Үйлену тойларын өткізіп жүргенін дұрыс емес деп ойлаймын. Өз басым бұл туралы білген жоқпын. Сондықтан бұл сұрақты облысқа барған бетте міндетті түрде шешемін.

Ал бірнеше сағат бойы  жұмыс орнынан табылмаған колледж директоры, тіпті күні бойы ұялы телефонын да көтермеді. Қызметкерлерінен білгеніміз коледж басшысы  жоғарыдағы басшылықтың шақыртуымен кеткен.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!