Қазақстандық велоспортшылар Рио Олимпиадасына екі лицензия ұтып алды

Қазақстан шоссе велоспортында Рио де-Жайнеродағы Олимпиада ойындарына екі лицензия ұтты, деп хабарлады Sports.kz. Дереккөз: ҚазАқпарат

0
Rio 2016 Рио Қазақстан

Бұл туралы Велосипедшілердің халықаралық одағы (UCI) шоссе велоспортындағы жарыстарға іріктелген Ұлттық олимпиада комитеттерінің тізімін, сонымен қатар оған жолдама алатын спортшылар санына арналған квоталарды жариялаған  соң белгілі болды.

Олимпиадалық іріктеу жүйесіне сәйкес, Қазақстан «Азия Турде» 602 ұпай жинап 2-орынға ие болды. Бұл топтық жарысқа екі адамға және жеке жарыста бір адамға квота құқығын береді.

Топтық жарысқа барлығы 144 спортшы қатыса алады. Олимпиада трассасында жеке сынға 40 спортшы шығады.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!