Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес туралы 10 дерек

Абель Санчес орта салмақтағы WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді 2010 жылдан бері жаттықтырып келеді. Дереккөз: Vesti.kz

0

Назарларыңызға Абель Санчес туралы сіз білмейтін он деректі ұсынамыз:

1. Сансеч Мексиканың Тихуана қаласында дүниеге келген. Ол сегіз балалы отбасының ең үлкен ұлы.

2. 17 жасында ол АҚШ-та өзінің құрылыс фирмасын ашқан.

3. Өз компаниясындағы ең ірі келесімшартын 1982 жылы жасаған. Стивен Спилберг оның компаниясының “Жат елдік” (“Инопланетянин”) фильмін түсіру үшін үлкен үй салдырған.

4. Санчес таэквондо, кикбокс (15 жекпе-жек өткізіп, мүлде жеңілмеген) және бокспен (3-3-0) шұғылданған.

5. 1987 жылы Абель Санчес мексикалық Лупе Аквиноны бірінші орта салмақтағы WBС тұжырымының чемпиондық белбеуін жеңіп алуға көмектескен. Аквино – оның чемпион атанған бірінші шәкірті.

6. Санчестің бірінші әйелінен үш баласы бар: екі ұл, бір қыз.

7. 2000 жылдың басында өзінің Big Bear жаттығу лагерін салған.

8. Бапкерліктің қамытын киіп жүрген 30 жылдың ішінде әр түрлі салмақта 20 әлем чемпионын тәрбиелеп шығарған.

9. Yahoo Sports және Sports Illustrated порталдарының нұсқасы бойынша әлемнің үздік бапкері атанған.

10. 2010 жылдан бастап WBC, WBA және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағын жеңіп алған Геннадий Головкинді жаттықтыра бастады.

Айта кетейік, Геннадий Головкиннің келесі кездесуі оның карьерасындағы ең маңызды әрі ең табысты кездесуі болуы ықтимал. Қазіргі уақытта оның қарсыласы мексикалық Сауль “Канело” Альварес болады деген әңгіме бар. Кеше “Канелоны” промоутері Оскар Де Ла Хойя Головкин мен Альварес жекпе-жегінің жарнамасын жасау үшін 7 мамырды асыға күтіп отырғанын айтқан еді. Өйткені, 6 мамыр күні Альварес отандасы кіші Чавеске қарсы кездесу өткізеді.

Ал Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясының президенті Ерлан Бекхожин болса бұл кездесуде Головкиннің сыйақысы 100 миллион болуы мүмкін екенін айтты. Сондықтан да ол Сондерспен жазға жоспарланған жекпе-жегінен бас тартыпты.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!