Сырдария өзеніндегі су деңгейі көтерілуі мүмкін

Қазір өзен бастауындағы мұздықтар еріп, Қайраққұм, Шыршық су қоймаларынан секундына 2 мың текше метр су төмен тасталып жатыр. Қазірдің өзінде Шардара мен Көксарай лық толы. Дереккөз: Khabar.kz

0
Сырдариядағы көпір

Сала мамандары: «Тұрғындарға алаңдауға еш негіз жоқ», – дейді. Қазіргі таңда судың белгілі мөлшері Оңтүстік Қазақстан облысындағы Арыс өзеніне бағытталған. Сондай-ақ Қызылорда облысы аумағындағы ішкі арналардың өткізгіштігі мен қабылдау мүмкіндігін арттыру қолға алынды.

«Өзбекстан территориясындағы Арнасай ойпатына суды жібереміз деген болжам бар. Келісім де бар. Сондықтан біз барлығына дайынбыз. Шіркейлі каналы су ашуды бастады. Әйтекке егіске байланысты 25 сәуірден бастап су алынады. Қараөзек қазіргі таңда секундына 110 текше метр су алып жатыр. Бұл ары қарай жалғасын таба береді», – дейді Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының басшысы Әділхан Қарлыханов.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!