Жер туралы

Прокурорлар болашақта бұл сайтты жетілдіруді жоспарлап отыр. Яғни zis-taraz.kz cілтемесінде тұрғын үй салуға арналған жерлерді де тіркеп қоймақ. Прокурорлар бұл бастама жер алуда бөгет болатын түрлі бюрократиялық кедергілерді жояды деп сендіреді.

Сайтты құруға екі мыңға жуық кәсіпкерге жүргізілген сауалнаманың нәтижесі түрткі болған. Яғни, қатысқан кәсіпкерлердің 40 пайызы аукционға шыққан жерлер жайында дер кезінде хабардар болмағандығын айтқан.

Аукционға қойылған жерлердің тізімі, инфрақұрылымы қалай соның бәрі бар. Сонымен қатар өтініш берушінің де арызы қандай сатыда қаралып жатқандығын жеке сәйкестіру нөмірін енгізіп тексере алады”, -дейді Тараз қаласының прокуроры Бекзат Сейілханов.

Айта кетейік, ақпараттық жүйеде әзірге тек коммерциялық мақсатқа бағытталған жер телімдері туралы ғана ақпараттар бар.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!