Тұңғышбай Жаманқұловтың жағдайы төмендеп кетті – Әбединова

Белгілі тележүргізуші Сәуле Әбединова әлеуметтік желідегі парақшасында актер Тұңғышбай Жаманқұловтың жағдайы нашарлағанын хабарлады. Дереккөз: Reactor.inform.kz

Тұңғышбай Жаманқұлов

«Бүгін Тұңғышбай Жаманқұловтың ісіне қатысты сот процесі жалғасуы керек еді. Жаңарақта  “ағайды жедел жәрдеммен кардиология бөліміне алып кетті, жағдайы күрт төмендеп кетті…” деген хабар жетті. Сот процесі болмайтын шығар деп, жұмысқа қайттым. Бұл бір сұмдық болды ғой. Артының қайырын берсін!

Республикада 50-ден астам театр бар. Демек ағайдың мыңдаған әріптестері бар деген сөз. Бірақ бәрі тым-тырыс сияқты. Тірімісіңдер?»-деп жазған журналист.

Айта кетейік, «Қазақфильм» АҚ түсіретін фильмдердің бастапқы әзірлік және дайындық кезеңдеріне «Т.К.Turan Universal Business» ЖШС-на 79 млн теңге бөлгенін анықталды. Бұл соманың 69 млн теңгесін оның құрылтайшысы болып табылатын «Т.К.Turan Universal Business» ЖШС арқылы картинаның бас продюсері Тұңғышбай Жаманқұлов жымқырды деген айып тағылды. Бірнеше күннен бері Тұңғышбай Жаманқұловтың ісіне қатысты сот отырысы өтіп жатқан болатын.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!