Кəмшат Жолдыбаева ашық көйлегін сынаған көрерменге қатқыл жауап қатты

Эфирге иығы ашық көйлек киіп келген Камшат Жолдыбаеваны тікелей эфирге қоңырау шалған көрермен сынға алды. Алайда əнші сыншыға жауабын кейін, Instagram парақшасында тарқата жазды- деп хабарлайды baistars.kz сайты. Дереккөз: baistars.kz

0
Камшат Жолдыбаева

«Тікелей эфирде сын айттым деп, төбесі көкке жетіп отырған аруға айтарым: Алмагүл ханым, мүмкін Сіз өмірде қымтанып киініп жүретін боларсыз және соны адамның жан-дүниесінің, сауаттылығы мен имандылығының көрсеткіші деп білетін боларсыз… Сіз қателесесіз! Бұл Сіздің жеке тұлға ретінде ой-өрісіңіздің төмендігін көрсетеді! Біле білсеңіз (білмеген болсаңыз, өзіңізге түртіп алыңыз), бұл сахна киімі (соның ішінде, отандық дизайнеріміздің керемет заманауи туындысы), бұл біріншіден. Екіншіден, заманауи эстрадаға деген мынадай көзқараста болсаңыз — теледидары, әлеуметтік жүйесі жоқ бір бөлек жерде мекен етіп жатсыз-ау… Бірақ теледидарыңыз болу керек, өйткені бүгін бағдарламаны көрдіңіз ғой!…» — деп жауап берді әнші.

Айта кетейік, әншінің ашық киім үлгілері көпшіліктің наразылығын әлі де тудырып келеді.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!