Астанада жыл сайын 70-ке жуық оқушы қыз жүкті болады

Былтыр Астанада 140 бала ересектер тарапынан зорлық-зомбылық көрген. Оның 21 фактісі жыныстық қатынасқа дейін барған деп жазады SN Астана қаласы Сарыарқа аудандық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дереккөз: sn.kz
0
аяғы ауыр

Мамандардың айтуынша, балаларға қарсы жасалып отырған осынау қылмыс санының өсуіне бірнеше себеп бар. Ең алдымен ересектердің азғындап бара жатқаны болса, екінші себеп – жасөспірімдердің руханияттан тым алыстап кетуі. Балалардың өздері түнгі уақытта көшеде жүріп, азғындардың назарын өзіне аударады. Жыл сайын Астанада шамамен 60-70 мектеп жасындағы жеткіншек қыз жүкті болып қалады екен. Бұл ең алдымен отбасындағы тәрбиенің дұрыс болмағандығынан дейді прокурорлар.

Бүгінде отбасындағы міндетін дұрыс атқармаған ата-ана ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 140-бабы бойынша жауапқа тартылады, яғни 7 АЕК көлемінде айыппұл төлейді.

Тағы бір айта кететін жайт, еліміздің Бас прокуратурасы енді педофилдер туралы толық мәліметті интернетте жариялайтын болады. Яғни, қылмыскердің аты-жөнін, суретін арнайы базадан көре алатын боласыз. Бас прокуратура онлайн тізімге 1991 жылдан бастап ұл-қызды қорлаған 2 мыңнан аса педофилді тіркеп қоймақ. Прокурорларды мұндай қадамға адам шошырлық статистка мәжбүрлеп отыр. Себебі тек былтырдың өзінде 1200 жасөспірімді азғындар жәбірлеп кеткен. Балаларды мұндайлардан қорғау үшін Бас прокуратура педофилияға қатысы бар шетелдіктерді елге мүлдем кіргізбеуді де ұсынып отыр.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу