Доллар бағасы 380 теңге болды

2016 жылдың 19 қаңтарында Қазақстан қор биржасындағы (KASE) таңертеңгілік сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 379,50 теңге болды. Бұл туралы биржаның ресми сайты хабарлайды. Дереккөз: 7kun.kz

0
доллар теңге

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың минималды курсы 378,50 теңгені құрады. Максималды курс — 380,50 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 379,50 теңге болды.

Таңғертіңгілік сессияда сауда көлемі 124 млн 250 мың теңге болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 91.

Алматы қаласындағы ақша айырбастау бөлімшелерінде доллар 381 теңгеден сатылуда. Ал 19 қаңтарға арналған доллардың ресми орташа бағамы — 374,31 теңге.

Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!