Түркістанда жындыханаға жабылған қыздың жағдайын білуге келгендерді күзетшілер жағадан алды

Түркістандағы психионеврологиялық мекемеде жатқан Маржан Тұрлыбаеваға қатысты дау жаңа қарқын алды. Бойжеткеннің сау екеніне шүбәсіз сенген бір топ адам сол аурухананың алдына барып, Маржанды көрсетуді сұрады. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Дереккөз: ktk.kz
10
Маржан Тұрлыбаева

Олар тағы да тәуелсіз сараптама жасалуын талап етті. Бірақ емдеу мекемесіндегілердің қызды көрсетпегені былай тұрсын, күзетшілері келгендерді жағадан алды.

Маржанмен әуелден ұялы телефонмен хабарласып, сөйлесіп жүрген бір топ адам бүгін Түркістандағы емдеу мекемесіне келді. Жетім қызды көзбен көріп, халін білмек болған. Бірақ күзетшілер келгендерді ештеңеге қаратпай жағадан алды.

Мекеме алдына жиналған он шақты әйелді күзетуге 40-тан астам полицей келді. Жиналғандардың бір ғана мақсаты бар – «шизофреник» деп танылған қызға қайта сараптама жасатқызу.

«Тәуелсіз сараптама Алматыда не  Астанада жасалса. Тек  Шымкенттен емес. Біз Шымкентке сенбейміз. Өйткені бұны «жынды» деп Шымкент жапқан басында. Қайтадан сол жынды деп айтқан адамнан өткізді да, қайтадан жауып қоя салды», – дейді Түркістан қаласының тұрғыны Жәмилә Жұмабаева.

Туыла сала жетімдер үйінде өскен Маржан Тұрлыбаеваны 10 жасында әлдебір отбасы асырап алған екен. Тек кейін өгей ата-анамен жараспаған қызды 1 жарым жылдан соң жындыханаға өткізіпті. Содан бері бірнеше мекемеге ауыстырылған. Тек қызды бұрыннан танып- біліп, үнемі сөйлесіп жүргендер оның сау екеніне еш шүбә келтірмейді. Тіпті, Маржанды 8 айдан бері қарап жүрген психиатр да қыздың денсаулығынан кінәрат таппапты.

«Жолдама арқылы 18 жасқа толуына байланысты біздің мекемеге келгеннен бері қазіргі таңда ода ешқандай психикалық ауытқу белгілері байқалмайды. Сондықтан, ешқандай ем қабылдап жатқан жоқ», – дейді Түркістан қалалық психоневрологиялық-әлеуметтік мекемесінің психиатры Сәбит Қапалов.

Жұрт дүрліккен соң шенеуніктер «психиатриялық мекемеде заңсыз ұстау» бабы бойынша тергеу басталды деген. Бірақ әзірше не полицейлер, не дәрігерлер тіс жармады.

Маржан Тұрлыбаеваны қолдаушылар қазір әлеуметтік желілер арқылы қол жинап жатыр. Жетім қыздың сап-сау екеніне нық сенімді олар тәуелсіз сараптама жасалуын талап етеді. Қажет десе халық өз қалтасынан қаржы жинап, Астана мен Алматы, болмаса тіпті шетелге жіберіп қыздың ақыл-есін тексертеміз деп отыр.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

10 пікір

  1. Адамдар не болып кеткен? Жетімін жылатпаған қазақтарым ай, шенділердің қолынан ештеме келмей ма? Олар қайда қарап отыр. Бір қызға көмек көрсете алмаса аталарының басына жұмсақ орындықта отыр ма!

    • Адамдар Құдайдан қорықпайтын болып барады! Біресе баласын туып тастап кетсе, біресе сап-сау қызды жындыханаға тығып!

    • Жетим көрсең жебей жүр, деген комектеринди аяамандар қазақ агайын

  2. Жынды қыз болса түринен-ак байкалушы еді ешкандай псиxологиялық ауытқушылық байқалмайды.

  3. Туркистанга не болган сау адамды жынды деп жабады!Ал сокыришек болып тускен адамды олтиреди бул недеген болница сонда!емине дауа издеген жандар кайда барады сонда?медедцина саласына сапасыз акшага диплом сатып алган мамандарды орналастырган сонын зардабын кара халык корип жатыр!

  4. Бул карындасымызды кайта тексерту керек медетсинада коп тасжурек айуандар ей Кудай бар кудайдан коркындар

  5. Осы өгей қызды өксітіп отырған өгей анасын неге психологиялық сараптамадан өткізбеске?!

  6. Туркестаннын даригерлерине сенуге болмайды шешемди оледи бир сагат ғана омири бар деп айткан сосын ол жерден алып кетип ауылдагы даригеримизге караттык сонда диогнозын койа алмаган казир укол саламыз 2сагатта бети бери карайт деди сомен казир шешем дин аман

Пікір қосу