Сот қызметкерді жұмыстан босату туралы бұйрықты заңсыз деп танып, оны жұмысқа қайта алғызды

Ақмола облысы Есіл аудандық соты азамат А-ның Жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жұмыстан босату туралы бұйрықты заңсыз деп тану, жұмыс орнына қайта алғызу, амалсыз бос жүрген (жұмыстан шеттетілген) уақытына еңбекақысын өндіру және келтірілген моралдық зиянды өтеу туралы талап-арыз бойынша азаматтық іс қарады. Дереккөз: sud.kz

0
аудандық сот

Сот анықтағандай, азамат А. жеке еңбек шарты негізінде ЖШС-де күзетші ретінде еңбек еткен. Жұмыс беруші азамат А-ны ақысы төмен жұмысқа ауыстырған. Аталған жұмыста еңбекақы аз төленгендіктен және ауыстыру туралы бұйрық көрсетілмегендіктен азамат А. лауазымнан бас тартқан. Азамат А. жұмыс берушімен жұмыстан босатылды.

Сот шешімімен азамат А. ЖШС-не өзінің бұрыңғы жұмысына күзетші ретінде қайта алынды. Азамат А-ның пайдасына амалсыз бос жүрген уақытына еңбекақысы және өкілдің көмегін төлеу бойынша шығыны, сонымен қатар 15 000 теңге көлемінде келтірілген моралдық зиян өндірілді.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу