Мессидің голы ғылыми тілге аударылды

Америкалық ғалымдар Аргентина құрамасы мен каталондық “Барселонаның” шабуылшысы Лионель Мессидің голын ғылыми тілмен түсіндірген. Дереккөз: stan.kz

0
Месси

Олар өз зерттеулерінің нәтижесін ғаламторға бейнежазба түрінде жүктеген. “Атлетик Билбао” қақпасына соғылған жанкүйерлер мен футбол мамандары арасында “жат галактикалықтың голы” деп аталып кеткен нәтижелі соққысын ғалымдар жан-жақты зерттепті.

Сарапшылардың айтуынша Мессидің сол соққысы сағатына 77,25 шақырым жылдамдықпен зулаған. Ол үшін футболшы 2,7 секундтық жүгірісін 19,5 миль жылдамдықпен орындап шыққан.

Бейнежазбаны қайталап көру барысында “Барселонаның” уругвайлық шабуылшысы Луис Суарестің де бұл голға ерекше “үлес қосқанын” байқауға болдады. Аса қатты ұшып келе жатқан допқа тосқауыл бола жаздаған Суарес, дер сәтінде қос аяғын бірдей көтеріп үлгерген.

Месси осы голын бірнеше қорғаушының ортасынан сытылып шығып салып, күллі жанкүйер қауымның ерекше ықыласына ие болған еді.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!