2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген кейбір заңдар мен кодекстер

Туралы Азаттық радиосы хабарлайды.

Дереккөз: Азаттық Радиосы
11
Ақорда сурет

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі

ақорда

Бұл кодекс бойынша, мемлекеттік қызметшілер қызмет барысында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын жақтауға және оны дәйекті түрде жүзеге асыруға тиіс.

Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшіге шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға; мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда, ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта ғана пайдалануға; қызметтік тәртіпті бұлжытпай сақтауға, өзінің қызметтік міндеттерін адал, бейтарап және сапалы атқаруға; жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалануға міндеттейді. Сондай-ақ, әдеп кодексінде мемлекеттік қызметшілердің қызметтен тыс уақытта қоғамға жат мінез-құлық көрсетуге, қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн кетіруге және адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде жүруіне жол берілмейді.

Еңбек кодексі

еңбек кодекс

Бұл еңбек кодексінде келісім-шартты жұмыс берушінің бастамасы бойынша үзуге болатын негіздер кеңейтілген. Заңда шарт жұмыс берушінің бастамасымен «өндіріс және орындалатын жұмыс пен көрсетілетін қызмет көлемі азайып, ұйымның экономикалық жағдайының нашарлауына» әсер еткен жағдайда үзілуі мүмкін. Жаңа еңбек кодексінде мұндай негіздердің пайда болуын жоба авторлары «экономикадағы қазіргі ауыр жағдаймен» түсіндірген.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес заңы

Сыбайлас жемқорлық

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы бойынша, мемлекеттік мекемеде жақын туыстардың бiрге қызмет iстеуiне жол берілмейді.

Лауазымды немесе соларға теңестiрiлген адамдар өздерiнiң жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алынған балалар, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi, аталары, әжелерi, немерелерi) немесе ерi (зайыбы) атқаратын қызметтерге тiкелей бағынышты лауазымдарды, заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, атқаруына болмайды.

Егер бұл талаптар орындалмаса, заң бұзушылық анықталған кезден бастап үш айдың iшiнде оны жойып, бағыныштылыққа жол бермейтiн басқа қызметке ауыстырылуға тиiс. Ал мұндай ауыстыру мүмкiн болмаған жағдайда бұл қызметшiлердiң бiреуi қызметiнен босатылуы немесе аталған мiндеттерден өзгедей түрде босатылуға тиiс.

Полиция туралы заң

Полиция туралы заң

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті полиция қызметінің жұмысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң бойынша, жергілікті полиция қызметі басшылары мәслихаттың келісімімен тағайындалады және босатылады. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті полиция қызметі басшысының лауазымына кандидатураны ішкі істер министрі ұсынады.

Жергілікті полиция қызметінің бастығы өкiлдi және атқарушы органдардың алдында – жылына кемінде екі рет, халық алдында жылына бір рет есеп беруі тиіс. Ал учаскелік полиция инспекторы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағындағы әкімшілік учаскеде тұратын халықтың алдында тоқсан сайын кемінде бір рет есеп береді.

Сақтандыру жайлы заң

сақтандыру

«Сақтандыру қызметі туралы» заң бойынша, жол апатынан көлікке келген зиянды сақтандыру компаниялары бағалайды. Яғни енді сақтанушы бағалаушыны өз қалауымен таңдай алмайды.

Құрылыс туралы заң

Құрылыс туралы заң

«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін туралы» заңы бойынша, жаңа құрылыс нысандарын енді мемлекеттік комиссия қабылдамайды. Заңдағы жаңа өзгеріске сәйкес, нысанды тапсырыс беруші, мердігер, авторлық және техникалық қадағалаушы қабылдап алады. Егер салынған нысан сапасыз болып, тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнсе, тапсырыс беруші, мердігер, авторлық және техникалық мердігер әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Зейнетақы туралы заң

Зейнетақы туралы заң

Зейнетақымен қамсызданудыру туралы заңдағы жаңалықтың бірі – Еуразия экономикалық одағына мүше елдердің азаматтарына қатысты. Енді одақ құрамындағы елдердің бірінің азаматы ЕАЭО-дағы өзге бір елде жұмыс істесе, тұрғылықты елінде зейнетақымен қамтамасыз ету келісімі жүзеге асады. Мысалы, Беларусь немесе Ресейде жұмыс істеген қазақстандықтың зейнетақы жарнасы Қазақстандағы зейнетақы қорына аударылады және зейнетке шыққанда осы елден беріледі. ЕАЭО-дағы өзге бір елдің азаматтығын алған қазақстандыққа зейнетақы жинағы ай сайын немесе тоқсан сайын бөлініп төленеді.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

11 пікір

    • Заң шығарушы органдар заңды халыққа емес өздеріне ыңғайлы етіп жазады.Қара халықтың пайдасына шешіліп жатқаны шамалы.

  1. 2016-жылдың 1-шi қаңтарына дейiн Монголияда еңбек еткен,қазiргi кезде Қазақстан Республикасының азаматтарының еңбек өтiлiн Қазақстанда зейнетақы тағайындау есебiне жатқызып,ҚР- Үкiметiнiң 2014-жылғы 9-шы қыркүйектеқабылданған 327-шi қаулысының күшiн жою-бұл нағыз әдiлеттiлiкке,адамгершiлiкке жатады деп есептеймiн.

  2. Зан шыгаргандарымен, ЗАН БОЙЫНША ОЗДЕРИ ЖУМЫС ИСТЕП ЖАТКАН ЖОК! Асиресе Конститутциядагы

Пікір қосу