Абай Бегей Кубада бейнебаян түсірмек

Әнші Абай Бегей үш бірдей бейнебаянын Куба елінде түсірмек. Осынау ауқымды шығармашылық жұмысты жасау үшін ол Кубаға 2 ақпан күні аттанады екен. Бұл туралы baistars.kz хабарлайды.

Дереккөз: baistars.kz
0
Абай Бегей

Абаймен бірге Кубаға «Синфрантера» тобы, режиссер Рахман Кенжебеков, «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының басшысы ұшпақ. Үш бейнебаянның біреуі “Синфрантера” тобымен бірігіп түсірілсе, екеуі өзінің орындауындағы екі ән екен. Әзірге, шығармашылық топ қай әндерге және қандай сюжет болатынын құпия ұстап отыр.

Бұл сапарға жұмыс тобы жарты жыл бойы дайындалған. Кубалық режиссерлермен, техника мамандарымен келісімшарттар жасалды. Олар әншімен және оның тобымен жұмыс жасауға дайын. Бірінші бейнебаян эфирге наурыз айында шығады деп жоспарланып отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Абай Бегей «Синфрантера» тобымен «Аспанға қараймын» әніне бірігіп бейнебаян түсірген болатын.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу