Ресейді айналып өтетін “Жібек жолымен” бірінші пойыз жүріп өтті

Қазақстан және Әзірбайжан елдерінің территориясымен өтетін жаңа "Жібек жолы" халықаралық жобасы аясында Қытайдан шыққан бірінші пойыз Грузияға жетті. Бұл жаңа "Жібек жолы" Ресей жерін сырт айналып өтеді. Осы бағыт Қытайдан Еуропаға жүк тасымалдау қызметін айтарлықтай арзандатады. Дереккөз: apsny.ge

3
жібек жолы поезд

Жүк контейнерлері тиелген транзит пойызы ТрансАзия-Кавказ көлік дәлізі арқылы Түркияға кетеді. Грузия премьер-министрі Ираклий Гарибашвили: Грузияның пойызды қысқа уақыт ішінде, 8-10 күнде, қабылдап, одан кейін 3-5 күнде Еуропа елдеріне жеткізетінін мәлімдеді.

Оның сөзінше, Қытайдан Еуропаға жеткізілетін жүк бүгінгедейін теңіз жолымен тасымалданады. Бұған 40 күндей уақыт кетеді. Енді тасымал уақыты мейлінше қысқарып, “Жібек жолы” бойындағы мемлекеттердің өзара әріптестігінің көмегімен шығыны да азаяды. Мұндағы әңгіме Ресейді сырт айналып өтетін Қазақстан, Әзірбайжан және Грузия бағыты турасында болып отыр.

“Жібек жолымен” қозғалған пойыз Ресей аумағын баспайды. Еліміздің Ақтау қаласында 2014 жылы ашылған паромды өткелмен өтіп, 12 сағаттан кейін Каспий теңізінің екінші шетіндегі Әзірбайжанның Алят портында болады.

Пойыз Грузиядағы Поти портынан , о жақтан Қара теңіздегі паромды өткелмен Стамбулға жетеді.

Қытай билігі 2015 жылдың ақпан айында көлемі 40 млрд АҚШ $ болатын “Жібек жолы” Қорын құрды. Оның қаржысы Еуразия және Азия-Тынық мұхит аймағындағы инфрақұрылым жобаларын қаржыландыруға бағытталады.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

3 пікір

Пікір қосу