Жер бетінде еркек қалмауы мүмкін

Австралия профессоры Дженни Грейвс болашақта жер бетінде ер адамдар жойылуы мүмкін деп есептейді деп хабарлайды inform.kz. Дереккөз: inform.kz

1
еркек

Оның есебінше, жыл сайын дүниеге келетін балалардың саны азайып, бес миллион жылдан кейін олар түбегейлі жойылады. Бұл жыныстар арасындағы айырмашылыққа жауап беретін Y-хромосомасының бұзылуы салдарынан болады. Грейвстің айтуына қарағанда, адам эволюциясы кезінде ол геннің шамамен 90 пайызын жоғалтты және бұл үдеріс жалғасып келеді.

Ерлер ДНК-сында XY жұбы, ал әйелдерде XX болғандықтан, әйелдер хромосомасы зақымданған бөліктерін алмастыра алады. Ерлерде мұндай қасиет жоқ. Сөйтіп, ерлердің гендері азайып барады. Бүгінде ерлердің Y-хромосомасында 100-ге жуық ген бар, бұрын оның саны 1000 және одан да артық болған.

Бүгінде әрбір 100 мың ер адамның арасында 4-5 ұл де Ля Шапеля синдромымен туады. Оларда Y-хромосомасы жоқ, ал ерлердің гені біреу болады немесе 2 X-хромосомасы болады. Де Ля Шапеля синдромы бар адамдардың сырт келбеті әйелдерге ұқсас, өкінішке қарай олар бала сүйе алмайды, деп жазады британияның Daily Mail газеті.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

1 пікір

  1. Бұл қалай сонда? Бір Алланың қолында бəрі, Алла сақтасын,Шет елдегілер мүмкін барін билер ,бірақ Алланың қашан не істерін ешкім біліб туылған жоқ,.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!