Қазақтың енелері: Қазіргі кейбір жас келіндер өздерін тым еркін ұстайды

Жарық дүниеге қыз ба­ла бо­лып кел­ген жа­ра­ты­лыс иесінің барлығы бой жетіп, кезі кел­ген­де оң босағадағы ор­нын ақ шымылдықтың ар жағындағы жаңа өмірге ай­ыр­бас­та­п, бір үйдің, бір әулеттің келіні бо­лады. Осы орайда massaget.kz қадамы құтты келінді күтетін еліміздің енелері не ойлайтынын біліп қайтты.

Дереккөз: massaget.kz
21
қазақ келіндері

Жарық дүниеге қыз ба­ла бо­лып кел­ген жа­ра­ты­лыс иесінің барлығы бой жетіп, кезі кел­ген­де оң босағадағы ор­нын ақ шымылдықтың ар жағындағы жаңа өмірге ай­ыр­бас­та­п, бір үйдің, бір әулеттің келіні бо­лады. Бірақ екінің бірі «бүкіл ұлттың келіні» де­ген абы­рой­лы атаққа қол жеткізе бермейді. Басқа ұлттарды айтпағанда, қазақтай келіннің ақ босаға аттаған күнінен бас­тап, аяқ алысын сы­нап, қадамы құтты келінді күтетін халық кем­де-кем, тіпті жоқ шығар. Ен­де­ше енелердің пікірін тыңдап көрелік.

Фа­ти­ма апа:

— Біз — өз қайғымызды өзіміз бөлісетін са­быр­лы халықпыз. Тіпті, от­ба­сын­да болған кикілжің, жан­жал­ды да көпке жай­маймыз, сыртқа сыр ал­дыр­май­мыз. Іс насырға шапқанда ғана қысыла, қымсына ағайынмен кеңесіп, ақыл сұраймыз. Қазақ әу бас­тан келін де­ген ата­у­ды киелі са­нап, ұрпақ жалғастырушы ретінде мақтаныш санаған. Бірақ бүгінде киелі атқа кір келтіріп жүрген келіндеріміз көбейіп ба­ра­ды. Қазіргі келіндерден ертеректегідей ұзын көйлек киюді, ба­сы­на күні-түні ора­мал бай­ла­у­ды, үлкен-кішіге иіліп сәлем беруді көпшілік та­лап ете бермейді. Бірақ жас келіннің шығыс елдеріне тән сәнді, ықшам киінгені артық емес-ау деп ой­лай­мыз. Шолтиған қысқа көйлек киіп, бал­ты­ры мен бөксесі жар­ты­лай жалаңаштанып тұрғаны неме­се толық бөксесіне тыр­ти­тып тар шал­бар кигені, ша­шы жұлған тауықтай бұрқырап жүргені, кірпігі мен көз ай­на­ла­сы қалың бо­я­у­дан сатпақталып тұрғаны, мен мұндалап көзге ұрып тұрғаны несі жөн? Қазақ келіндерінің әдепті, ізетті, салмақты, ина­бат­ты болғанын көпшілік қалар еді. Несін жа­сы­ра­мыз, ер­те­ден сақталған, қанға сіңген ата дәстүрлеріміз бірте-бірте көмескіленіп, тіпті кей жер­лер­де ұмытылып ба­ра жатқанын мой­ын­да­у­ы­мыз ке­рек. Мәселен, үлкен кісінің ал­дын кес­пеу, үйге кел­ген қонақты жы­лы қабақпен қарсы алу, үлкендерді сый­лап, олардың ал­дын­да да­у­ыс көтермеу, қонақтардың көзінше ба­ла­ла­рын жекіп, зіркілдеп, ұрып-соқпау, ыдыс-аяқты орын­сыз сал­ды­рат­пау, ата-енесі мен күйеуінің ба­у­ыр­ла­рын сый­лап, оларға құрметпен қарау, ардақтау. Сол ұлттық дәстүрлерімізді сақтап, олар­ды қолдап, иіліп сәлем беріп тұрған ізетті жас келіндерді кездестіргенде жүрегің жылып, ризашылық сезім оя­на­ды. Он­дай­да оларға: «Рах­мет, ай­на­лай­ын! Өркенің өссін. Көп жа­са, бақытты бол!» – де­ген тілек ай­тып, көргенді келіннің үйінен көңілің әжептеуір марқайып шығады.

Ұлжан апа:

— Мен тоғыз ба­ла­ны өмірге әкелген бақытты ана­мын. Аллаға шүкір, бүгінгі таңда тоғыз келінім, 25 не­ме­рем, 5 шөберем бар. Қазақ келіндері ина­бат­ты, иба­лы, үлкендерді сый­лай­тын, енесі мен ата­сы­на тіке қарамайтын, адамгершілігі мол адам бо­луы ке­рек. Өйткені ол — ке­ле­шек ана. Ба­ла құрсақта жатқаннан бас­тап қандай тәрбие ал­са, сон­дай бо­ла­ды. Жа­рын сый­лап, кез кел­ген жағдайда «са­быр түбі са­ры ал­тын» деп кез кел­ген жер­де сабырлық сақтау ке­рек. Жалпы айтқанда ер азаматты адам қылатын да сол, ит қылатын да сол— әйел адам. Қыздың 40 жа­ны ­бар деп текке айтылмаған. Ұлттығымыздың тұтастығы, иманымыздың беріктігі, рухымыздың биіктігі тал бесігіміздегі тәлімнен басталатыны даусыз. Жаһандану дәуірінде жаны ізгілікке іңкәр, мінезі көркем, болмысынан биязы қазақ қызының бет-бейнесі өзгерді. Әйтсе де әрбір шаңырақтың құтты қонағы ғана емес, ұйытқысы болар қыз баланың қадір-қасиетін ұлықтай білсек, ұлттық дәстүрімізден алыстамағанымыз. Қыз баланы құтты қонаққа балайтынымыздың тағы бір сы­ры жат жұрттық екенінен де болса керек. Басқа ошақтың түтінін түтетіп, босағасын берік ұстауды аманаттайтын аналардың ақылы тын­дай білгенді адастырмасы анық.

Cонымен қатар, қазақ қызының ең үлкен бақыты — ана бо­лу де­сек қателеспейміз. Әлемдегі ең тәтті нәрсе — баланың тілі, ал ең жұмсағы — ананың алақаны. Жарық дүниеге алып кел­ген перзентінің өмірден өз ор­нын та­у­ып, бақытты ғұмыр кешуі — әрбір ананың ақ тілеуі. Даналық пен даралықты егіз ұғым деп ұлықтасақ, бұл екеуі де ананың ақ пейілімен үндесіп жа­тыр. Ананың ақ сүтін ар­да ем­ген қазақтың Абай бастаған біртуар азамат­та­ры осыған дәлел болғандай.

Түймеш апа:

— Үйдің жы­луы, тазалығы әйелге бай­ла­ны­с­ты. Қазақ қашан да келінді сынаған. Шаңырақтың табалдырығын оң аяқпен аттаған келіннен пәктікті, тазалықты күтеміз. Қазіргі кейбір жас келіндер өздерін тым еркін ұстайды. Олардың ой­ын­ша, «қазақтың салт-дәстүрі ескіліктің сарқыншағы, қазір басқа за­ман, біреуге біреу тәуелді емес. Сондықтан, әркім өзіне ұнағанын киіп, сыйлағанын ғана сый­лау ке­рек. Егер жаңадан босаға аттаған жас келін дәл осы­лай ой­ла­са – қателескені. Ол халқымыздың салт-дәстүрін сыйламағаны, түйсігінің таяздығы, тіпті, қаттырақ қадап айтсақ, көргенсіздігі, ру­ха­ни жұтаңдығы, ұлттық тәрбиесінің жоқтығы.

Ен­де­ше, қыз өсіріп отырған әрбір ата-ана қызын қанша жақсы көрсе де оны тым ер­ке­лет­пей, шолжаңдатпай, өсе ке­ле ол басқа шаңыраққа келін бо­лып түсіп, түтін түтететінін, ана бо­лып, ба­ла-шаға тәрбиелейтінін ескертіп, отырғаны жөн. Қазіргі күндері күйеуіне үстемдік жа­сап, оны туған ата-ана­сы­нан, жақын ту­ыс­та­ры­нан «бездіріп» жіберген келіндер де аз емес. Қазақ дәстүрінде ер ба­ла әке-шешесін құрметтеп, ертең қартайғанда оларға па­на бо­луы ке­рек. Ертеңгі күні өзі де ене бо­ла­ты­нын, сол кез­де «ата­сы­на жасағаны ал­ды­на келетінін» бүгіннен ойлағаны аб­зал. Ал соңғы кез­де қартайған өз әкесі мен ана­сын жалғыз қалдырып, қолына әйелінің шешесі мен әкесін кіргізіп ала­тын ұлдар да кез­де­се бас­та­ды. Бұл не? Қайда ба­ра­мыз? Біз Еуро­па дәстүрін қабылдап, олар­ды өзі-өзімізге өнеге тұтамыз ба? Ойланайық, ағайын. Біз әлемдік деңгейде аз халықпыз. Сондықтан тілімізден, ділімізден, ата дәстүрімізден ауытқымай, ұлт ретінде сақталып қалғанымыз жөн. Біреулерге әуестену, еліту, басқаларға еру – мәңгүрттікке жетелейді.

Қазақ қызына қырық үйден, қала берді, есіктегі күңнен де тый­ым са­лып отырған. Осының барлығы не үшін? Оны­сын халқымыз «ұл тәрбиелей оты­рып жерді, қыз тәрбиелей оты­рып елді қорғаймыз» деп түсіндіреді. Міне, бір сөзбен-ақ қадап айтқан. Ен­де­ше, қазақта келін бо­лу – тек өз ұрпағының ғана емес, тұтас ұлт ұрпағының жауапкершілігін мойынға жүктеу де­ген сөз.

Ав­тор: Гүлсім МҰРЫНОВА

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

21 пікір

  1. Мен де келин . Салем саламын.сыйлаймын. Бирак неге келин барлвгвна миндетти? Асын азирлесе,,сыйласа,урпак туса,улын бакытты етсе болды емес пе? Калганына жумыстары болмасын. Ол да адам баласы.озинин кажеттилиги, кызыгушылыгы бар. Неге осы бари келинди тузегиш? Баска истери жок па? Мен де орамал тагамын басыма.бирак таккым келмейди. Журемин уйде шашым орамалдын астында уйпа туйпа,май болып, ал жолдасым мени суйкимди коргиси келеди. Ал мен халат,подштанники,орамал. Зрелище удасное. Вот потом и гуляют наши мужья. Енелер! Не мешайте пожалуйста жить молодым! Или сами живите одна с сыном .просто накипело(ведь в постели жена ,а не мать,хотя уже и не знаешь что будет) МодеРатор пропусти!никогда не пропускаешь

  2. Мен бир уйдин улкен келинимин.Анам маркум 3 келин тусирип омирден озды.биз 3 келинмен 2 кыз бир шанырак астында бирталай жыл бирге турдык..тату татти турдык.казир ойлап урыс деген мулдем болмайтын.ал казир менин енем… айткымда келмейди.биз уш келинбиз. енем бизин колымызда. ушеумиздин арамызга айткан айтпаган осектерди тасып журеди адейи арамызды суыту ушин.бизде онын сырын билип алганбыз.мен кобине устамдылык танытып умытамын онын ангимелерин.ал еки келиним куйип писеди де журеди.жуйкелеринди жукартпан оган бола деп басу айтсамда енем барганда уйлерине урыс шыгарады бос аурешилик кой мунын бари.енем маган тиисип бастаса оган жай созбен онымен салгыласып отыруга желаниемде уактымда жок екенин айтамын ишин пысса ана еки келинине барып айкаласып кел деймин.ен танкаларлыгы ол солай жасайды.еки келиним женеше сен солай дегесин бизге келип т ииседи дейди енди не истеймин енемнин бар билиги осы болса

  3. Курметты акконилди келиндер болашак аналар ары карай енелер бариниз алла жасса барилеримиз бакилык боламыз бул омирде бир биринизде сыилап отиниздер бир биринизди угиттемениздер казактын салт дастурин сактаиык озимизди оиламаиык артымызда осип келе жаткан урпакты оилаиык жазып жаткан создериниздин барин соларда окиды еркекти сыиландар ол уидин отагасы

  4. Мәселенің бәрі енеге ғана тіреліп тұрған жоқ. Қазіргі шешелер қыздарына «ертең тұрмыс құрғанда ата-енеңмен тұрасың, сол үйді сылай біл, артық-ауыс сөздеріне шамдана берме» деп тәрбие бермейді. Мен жұмыс істейтін жерде 11 қыз бар тұрмыс жасындағы, солардың бәрі «мамамыз ертең енемізбен тұратынымыз туралы бір сөз де айтқан жоқ» дейді. «тамағыңның тұзы татымапты» немесе «саныңды жалтыратпай, дұрыс юбка ки» десе, келінді жек көргендік емес, оны тәрбиелеу, соны ұқпай, енеміз түртпектей берді деп шығады. Сосын, жас келіндер сағат сайын мамаларына телефон соғып, үйде не болып-не қойып жатқанын түгел айтып отырады. Оның дұрыс еместігін не өздері ұқпайды, не мамалары айтпайды. содан келіп, екі жақта үлкен түсініспеушілік шығады…

  5. бауырымның келіні келгеннен үй ішімен алысты. Айтқаны өсек, ата ене, екі қайны жұмыста. Ал ол болса күні бойы үйде, бірақ кешкі тамақ та пісіріп қоймайды. Енесі келе тамақ пісіре бастайды, әлденеше рет куә болдым. Ал келін қыдырады, төркініне барады, дүкен аралайды, кешке бірақ келеді үйге. Жыбыр жыбыр өсек жүрген жері. Бетіне жан қаратпайды, аттандап. Үш жыл болды келін болғанына. Екі ай болды, екі баламен біржола кеткеніне.

  6. менин ойымша атасы мен куеуге де байланысты, уйде еркектер билесе, акшаны тапса,ен сонгы шешим солар шешсе, айелдер кайда барады,бир бирине уйренбей. арине енегеде, келинге де коп нарсе байланысты,»тит» дейтин уйде еркек керек.Менин енем де,атам да оте жаксы адамдар, о бастан Маган жаксы козбен карады, арине урыс болмады деп айта алмайм, бирак онин бари отти,кетти. Кыздар, бес жыл шыдасандар, бир бирине уйренип кетесиндер.

  7. менің ойымша, бар бәле үлкендерде, яғни ене мен анада. Келген келінді ұлды тартып алуға келген жаушы деп емес, сол ұлды бірге жақсы көріп, сол ұлға жағдай жасап, маған немере, ал ұлыма бала шаға әкелетін жан деп қарау керек. Қанша жының келсе де, ұлың үшін бәрін ақылға жеңдіріп, мейіріммен қарауға тырысу керек. Сонда да келін сүйреңдеп өсек айтуын, шапылдап ұрсысуын қоймаса, бет жыртыспай ақ, келіннің анасымен, яғни құдағимен сөйлесу керек. Екі ана тіл табысады деп ойлаймын, екеуіне де керегі баласының бақыты. Сонда да түк шықпай қойса, ойлануға болады.

  8. енелер биринши тузелсе ширкин,казирги енелер озинин кыздарынын барын умытып келынын адам санамайды,олда биреудин кызы екенин ескермейди. орамал таккызад ози такпайд,немерелерине карамайд, айта берсен коп,бирак аркым сана сезими го, анандай болатын енеде бар, жетискен келындерде бар

    • Kелиншектер енелеринди жамандамандар сендерде онып турган жоксындар

  9. Бари кызганыштан басталады, улдарына баскаша, келинге баскаша сойлейди енелер, соны катырып жатырмын балам ешкайда кетпейди деп ойлайды, табигаттын заны ол, ул бала биринши озинин отбасы айели мен бала шагасына жагдай жасайды содан кейин еки жактын ата анасына, оздери куйеулерин иемденип алган бирак улдарын кызганады ойткени акыл жок казирги енелерде

  10. Егер балаларын кезинде кайта-кайта семьясынан айырып, енди 55-59 жастагы сол балалары оздери гана касында калса, (ушеуии турады) ,кто виноват—енешка или кетип калган келиндери? Ози 80-ге келип калды, соларды облуживает.

  11. Ең бірінші ене дұрыс болуы керек ,үйге жаңадан келіп түскен келінге көп нəрсені ене өзі сабырлылық пен үйрету керек , менің енем өте көкбет ,екі жүзді ,айтқан сөзін айтпадым деп бедірейіп отырады , біздің үйде келін адам емес , второсортная , зато қайын сіңілімнің бетіне қарауға болмайды , для нее она святая из святых ,ештеме істеткізбкйді , бар жұмыс менің мойнымда ,баламдыдыда өзім қараймын ,күйеуім де ештеме істемейді ,өмірі соларды жақтайды ,атам мен енем часто төбелеседі ,бір бірін қызғанып , потом она ходит с фингалами и не смотря на все это считают свою семью идеальной, басқа елді менсінбейді ,бөлек кетуге жағдай жоқ ,қатты шаршап жүрмін

  12. Мына мəселенің барлығы Солтүстік, Шығыс жəне Батыс Қазақстан халқының проблемасы ғой. Бізде Шымкентте əдет ғұрып жақсы сақталады. Келіндер үлкендерге ізет білдіріп сəлем салады, жақсы қарсы алады. Болмасы заттарды кие бермейді. Шымкентке келіндеріңізді балдарыңызды жіберіп тұрығыздар. Сонда бүкіл қазақтар əдепті болады.

  13. Мен 7 ай бурын келин болып тустим. Келмей жатып оз кызметиме кирисип кеттим,енемди сыйладым. Мама мама деп конилине карап, ваннага салып шомылдырдым. куйеуимнин еш туысы мени жана адам келди деп уйине шакырган емес. Мен барлыгын уйге озим шакырдым,сыйлыктар жасадым. 28ге келсем де кыз болып аттадым босаганы. Бирак енем барлыгын кери тусинди. Маган дауыс котерип айкайлауды, бар нарсеге араласып, канымды ишуди бастады. Еки бетти, маган баскаша сойлейди, куйеуиме баскаша сойлейди. Осы сыйлык курметпен карауымды мени минези жок с орлы екен деп,маган кул ретинде карайсын

  14. Мени мысалы келгели бери жамандаудан тыймаган енем. Енем апкеси екеуи мени жамандаганнан баска иси жоктай. Кадирине жететин отбасы болса гой ширкин. Келин екен деп бар кызметти басына койганымен коймай, уйге келгенде майда шуйдени актарып, сен мынаны жасамапсын. Сен ананы истемепсин деп шыгад. Откизип койганы бардай маган хайуан,отирикши.ериншек дейт. Ал мен бишара азаннан кешке дейн сабагымдам. Шаршап келем. Озим екикабатпын. Окуым акшасын да оз уйим толейди. Проездной бергенин миндет кылад. Оз дегенин истеткиси келед. Мактап бирдене демид. Сыйласан да жакпайсын. Ойбай окынын акшасын озимиз толимиз деп алган.кан казир бир тиын беруге дк кабагын карайтад. Ундемес болсан да унамайсын. Истей алатын нарсенди исти алмайды екенсин деп шыгад. Созинди бетине басуга дайын. Осыдан кейн ойланызшы курмет сыйга лайык пекен осындайлар. Тарбиенди терис айналдырып жибергенде. Намысына тиед. Аттен коп ата-енелер кадиримизге жетсе гой биздейдин. Картайганда караушысы биз гой.. сал ойланса иги ед.

  15. Меным енем озынын екы кызына тарбие бермеген, Маган жаксы созбен сойлей ма? Улкены уйге тойга келген кудабалаларга Нету чая деген, ал кышысы кудалык болываткан кезде жыгытымен кыдырып кеткен. Кудалыкка не салат дайындаиаган, не керек азык-тулык алмаган.. Енем не варенье не салат жабу былмейды, НАН, таттыны пысыру былмейды. Кайын журтымен оз туыстары келсе тыгылып есыгын ашпайды. Достарын гана жаксыкореды ышып алып омырыне риза кайнатаммен бырге. Екеуды мугалым! Бырыншы жыл келын ретынде жугырып журдым, ал казыр оларды когымде, баргымда келмейды. Немере туып бердым не Рахмет жок, не сыйлык балага жок. Екы кызыда 2-3 рет куйеден кайтып келып отыр. Екеунеде быр быр патер алып Берды. Ал жалгыз улы патер жалдап турады. екы жылда быр комектеры жок. Мен енемды маркым анамнын ретынде корем деп армандагам. Бырак…. Ертен картайганда мен Колыма алмаймын!

  16. Ата-енеде келинге жылы ыкыласпен карап, бауырларына тартып тарбиелеу керек. Оз отбасынан баска отбасыга келип синису психологиялык тургыда онай емес. Билмегенин бадырайтып бетине баспай,билдирмей отырып уйрету керек. Ененин бул жерде аткаратын роли зор. Жас келинди бирден сынамай,керисинше оздерине уйрету керек. Уй ишиндеги талаптарды да биртиндеп уйрету ененин миндети. Жылы шыраймен, ыстык ыкылас танытып отырган енени аркашанда кез’ келгенкелин сыйлайтын болады.

  17. Негізі біз осы 25 жыл ішінде кіішкене босанысып калдық Катан СССР кезінде керсінше салт дәстурге мыкты болган быз. Мен келін болып тускенімде 22 жаста болдым ,ол кез 1994 жыл Киын жылдар болган, ауылда не газ не свет жок. сабынды суектен кайнатып жуатын , ауылдын бәрі қалаға көшіп жаткан кез, Сонда енем колына тұстіп жолдасым ,атам екеуі Алматыда жұмыс іздеп кетті Мен ,енем,түнғышым 3 уйде, Атам мен жолдасым борахолкаға кетті Мейрамда гана келеды, Сонда от жағу, сиыр сауу, малға шөп салу, төл төлдейды, жазда бакша , Осынын бәрін енем мен тәрбие берды Кейде катты устаған кездер болды ,мен жылап шешеме звондаймын алып кет . Не деген тәрбие шешемде келмейсын шыда деп Мені бір жағымнан енем бір жағымнан шешем ширатып , Какыйған әйел болдым ! Жарықтык енем жок ,о дуние болып кетті Бірак ол кісіні сағынам , Тук колымнан келмейтын Менім әпкелерім женгелерім болған Сол енеме мын алғыс !

  18. осы келіндерге өз шешене үйине көмектес деши жамандап отканда ауырмай сыркамай шаршамай зыр жүгиреди. үйинде көп тірлікті жасамаған жалқау қыздар байға тиіпте катырмайды жамандап. менің енем алтын адам, өз анамда жақсы. мені емес бірінші куйеуім сөзің сойлейди. қатені бірінші озиннен изде деп отырады мамам. так что жамандамай үлгериндер барлығын. сендер байға тиерде ешкім құлақты битеп, көзді байлап, куштеп берген емес. ойланып жазындар.

  19. Мен бирге турганда өте жақсы келин болдым енемнің айтуынша. Баласы айлыгын берип тұрды. Енди болек шыгарган сон айлыгын озимиз жарата бастадық. Енди енем арамсын сен ажырастырам кет дейді. 2бала арттырмай тұрғанда неге ажырастырмадын десем ол кезде адал едін дейді. Енди неге араммын десем балам акша бермей қойды. И так квартплатамыз 100000 тг. Қалған 36000 тенге тамак киім дари дармек.

Пікір қосу