Алматы облысында шекара бұзған қытай азаматы тұтқындалды

Алматы облысы аумағында мемлекеттік шекараны бұзған ҚХР азаматы 6 айға тұтқындалды. Панфилов ауданының прокуроры Айдын Төребековтың айтуынша, ҚР ҰҚК ШҚ №2091әскери бөлімінің қызметкерлері 2015 жылғы 30 қазанда ер адам «Ынталы» шекаралық заставасы учаскесінде мемлекеттік шекараны бұзып өткен сәтінде ұстады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Дереккөз: inform.kz
0
шекара

Сот алдындағы тергеу барысында мемлекеттік шекараны қасақана бұзу фактісі толық көлемінде дәлелденді.

Панфилов ауданы сотының үкімімен ҚХР азаматы ҚР ҚК 1-бөлімі 392-бабында көзделген қылмысты жасауға айыпты деп танылды және оған 6 айға бас бостандығынан айыру, жазасын қоныс-колонияда өтеу, Қазақстан Республикасы шегінен 5 жыл мерзімге аластату жазасы тағайындалды.

Қазіргі кезде сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу