Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құрама бапкерін өзі таңдайды

Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құрама бапкерін өзі таңдайды. 15 қаңтарда ҚФФ жариялаған бапкер таңдау науқанының бірінші кезеңі аяқталды деп хабарлайды Дереккөз: inform.kz

0
Қазақстан футбол федерациясы

Шарт бойынша 15 қаңтарға дейін халық дауыс беру арқылы «ұлттық құраманы жергілікті әлде шетелдік бапкер жаттықтыру керек пе?» деген сауалнамаға өз таңдауларын жасауы тиіс еді.

Қорытындысы бойынша 15 қаңтарға дейін 50 мың жанкүйер дауыс берсе ҚФФ фанаттарға нақты кандидаттардың тізімін ұсынуға келіскен. Бірақ 15 қаңтарға дейін дауыс берушілердің саны үш мыңға жеткен жоқ.

Енді ҚФФ бапкер тағайындауды толық өзіне алып, қаңтардың соңына дейін ұлттық құрама жаттықтырушысын тағайындайды.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!