Айдос Ербосынұлы

Осыған дейін төрт кездесу өткізіп, барлығын да мерзімінен бұрын аяқтаған Айдос Ербосынұлы бесінші айқасында 23 наурыз күні Нью-Йоркта жергілікті боксшы Майкл Митчеллмен жұдырықтаспақ болған еді.

Алайда, жекпе-жек жақындаған уақытта қарсыласы белгісіз себептерге байланысты кездесуден бас тартты.

Енді ол тағы бір америкалық боксшы Риаруса Дадлимен айқаспақ.

Біздің отандасымыз Айдос Ербосынұлы төрт кездесудің екеуін Украинада, қалған екі жекпе-жекті өз елімізде өткізген болатын. Ал 23 наурыздағы айқасы АҚШ аумағындағы алғашқы жекпе-жегі болмақ.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!