Әлемдік миллиардерлердің тізіміне енген қазақстандықтар

Forbes журналы жыл сайынғы әлемдік миллиардерлер тізімін жариялады. Жаһандық тізімде бес қазақстандық миллиардер тізімге енген. Дереккөз: Tengrinews

0
миллиардерлер

Қазақстандық миллиардерлер тізімінде көш бастап тұрған – Қазақстан теннис федерациясының басшысы әрі бұрынғы Қазақстан Президентінің іс басқарушысы Болат Өтемұратов. Биыл журнал оның дәулетін 2,3 миллиард долларға бағалады. 2016 жылы да осындай көрсеткіш болатын. Әлемдік рейтингте Өтемұратов 896-шы орында тұр, алдыңғы жылмен салыстырғанда ол 125 позицияға түскен.

Болат Өтемұратов

Ең бай адамдар тізімінде қазақстандық үш миллиардер екінші орынды өзара бөлісті, олар – “Қазақмыс” корпарациясының бұрынғы басшысы Владимир Ким және Тимур мен Динара Кулибаевтар. Олардың дәулеті 2,1 миллиард долларға бағаланған (жалпы тізімде 973 орында). 2016 жылы Кулибаевтар қаражаты 2 миллиардқа тең болған, ал Владимир Ким – 1,5 миллиард доллар болған.

Үздік бестікте қазақстандық миллиардер ERG кен өндіру компаниясының иелік ететін, “Еуразиялық банк” АҚ президенті Алиджан Ибрагимов. Оның қаражаты бір жыл ішінде 300 миллинға көбейіп, 1,9 миллиард долларға жеткен. Әлемдік рейтингте ол 1908 орында тұр.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!