21 наурызға арналған ауа райы болжамы

21 наурызда республиканың батыс, оңтүстік-шығыс, шығыс және оңтүстік аймақтарында жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде тұман түсіп, желдің күшейеді. Оңтүстік аймақтарда шаңды дауыл, найзағай болады. Дереккөз: Inform.kz

0
Ауа райы найзағай

Жамбыл облысының  кей жерлерінде жел 15-20, кейде екпіні 23 м/с-қа дейін күшейеді, кей жерлерінде  тұман болады.

Қызылорда облысында 15-20 м\с жел, екпіні 25 м/с шаңды дауыл соғады.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м\с, таңертең және күндіз екпіні 23 м/с болады, кей жерлерінде найзағай күтіледі.

Маңғыстау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай, Павлодар, түнде  және таңертең Ақмола, Солтүстік Қазақстан, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман байқалады.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу