Бүгін – Халықаралық бақыт күні

2012 жылы БҰҰ өз қарарымен 20 наурызды ерекше күн ретінде белгіледі. 193 елдің қолдауымен бүгін Халықаралық бақыт күні мерекесі тойланады. Дереккөз: Inform.kz

0
бақыт

Бұл күні адамдар бір-біріне жылы лебіздер айтады және барлық қалаларда қайырымдылық шаралары ұйымдастырылады.

Халықаралық ұйым мүшелері бақытқа ұмтылудың жалпы адамзатқа ортақ сезім идеясына қолдау білдіру мақсатында бұл күнді бақытқа арнады.

Атап өткен жөн, бұл мерекені бекіту идеясы шағын оңтүстіказиялық мемлекет Бутаннан келіп түскен. Өйткені осы елдің халқы әлемдегі ең бақытты адамдар болып есептеледі.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!