Қазақстанда 1 наурыз – “Алғыс айту күні” мерекесі пайда болды

Қазақстанда 1 наурыз Алғыс айту күні болып жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Дереккөз: Tengrinews.kz

30
Қазақстан 1 наурыз Алғыс айту күні

Қазақстан Республикасының Президентінің “Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы” Жарлығына өзгерістер мен толықтырулардың енгізілгені айтылады: Алғыс айту күні – 1 наурыз, Геолог күні – сәуірдің бірінші жексенбісі.

2015 жылдың сәуір айында Қазақстан халқы Ассамблеясының “Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр” тақырыбымен басталған ХХІІ сессиясының ашылу салтанатында сөз сөйлей отырып, Назарбаев халықтардың түгелдей жер аударылғанын еске алған еді. “Сталин режимінде әр жылдары, өздеріңіз білетіндей, халықтар түгелдей жер аударылды. Оларды вагондардан ауылдарға тастап кете берді, олардың еш дүниесі болған жоқ. Сол уақытта бұл далада өздері мұқтаж бола отырып, оларды саман үйлеріне қабылдаған қазақтар, қазақ отбасылары ғана өмір сүрді”, – деді Президент.

Назарбаев отбасының жер аударылғандарды қабылдап алғанын еске алды. “Саманнан жасалған екі бөлмелі там үйде тұрған біздің отбасы үш баласы бар жанұяны қабылдап алды. Көз алдымда әрқашан, әрқашан олардың бөлменің бір бұрышына жиналғанын елестете беремін, олар қорқып тұрды – киімдері жыртылған, аш, тозып кеткен. Олар біздің отбасыда өмір сұрді, жұмыс істей бастады, өмір бойы алғыс айтып өтті. Мен оның балаларымен дос болдым”, – деді ол.

“Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнінде – 1 наурызда, басқа уақытты қойса да болады – барлық ұлттың бір-біріне және осы адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген қазақтарға алғыс айту күні деп белгіленсе әділетті болар еді”, – деді Қазақстан Президенті.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

30 пікір

  1. Көрісу ол басқа ғой. не керек қабаттастырып. Мерекенің көп боғаны жақсы емес пе. адамдар кішкене болса да көңілді болады. Әйтпесе осы отырғанның өзінен бір бірінің бетін жұлуға даяр

    • Ата анан сены дуниеге акелды егерде сен соншалыкты атакты актриса болсанда ананды умытпау сенын парызын анан саган не сыйлады омыр сыйлады сондыктанда быз анамызга бызге жаксылык жасаган адамдарга барлыгынада алгыс айтуымыз кажет бызге жаксылык жасап жаткан адамдарга жаксылыгын кайтаруымыз кажет быз казакпыз быз жаксылык ойлаймыз келе жаткан 1 наурыз мерекелерынызбен кутыктаймын барша кауым сыздерге бакыт тылеймын сыздерге коп алгыс айтамын Рахмет сыздерге барша кауым

  2. бауырым аноним, алғыс айтатын адамың жоқ па? өмір берген ата-анаңа айт алғысты, жолдас жораларыңа айт, Елбасыңа айт бейбіт өмір берген

  3. Казакстандыктардын ар куни той.бизде кандай кризис 365 куннин барлыгын той етип алайык.Осындай битпейтин мерекелердин аркасында кандай инвестор тартпакшы.алиде ойланайык

  4. Қазақ халқы қиын заманда 5миллионнан астам басқа ұлт өкілдерін қабылдады.Нанын бөлісті.Қазақ халқына көп алғыс!

  5. алгыс айту деген акылга конымсызго, оданда казакстаннын батысында тойланатын корису деген бар 14-15 наурызда соны алмаска мемлекеттик мерекеге, корису жер аягы кенип тон жибип,алыстагы агайын бир биримен кауышып кыстан аман есен шыккандарына куанатын салт дастурлик мерекего

  6. Менимше,оте жаксы идея.Алгыс айтудан еш жеримиз кемип калмайды.Кайта,алгыс айткан сайын журегимиз мейримге,изгиликке толады.Ен биринши Аллага, Ажеме Ата-анама,ага-апкеме,Елбасымызга,устаздарыма,достарыма,Нурсейтке,барлык к-рореrлерге,маган унайтын топтарга,мен унататын анши,актерлерге,Казак жерине,Корея елине бари-барине МЫН ДА БИР АЛГЫС АЙТАМЫН!!!БУКИЛ ЖЕР ШАРЫ АМАН БОЛСЫН!

  7. Мен де бұл идеяға қосыламын. Әр бир азамат ең алдымен айналасына қарау керек сондай азаматтар бар оларға қалайша алғыс айтпасқа.

  8. Мен де алғыс айтамын! Анама, әкеме, бауырларыма әр кез менің жанымнан табылған. Жан жолдасым мен қызымның барына Аллаға алғыс айтамын.

  9. Мында ол туралы жазылмаган.Казактар бир- бирне емес,баска улттар биздин оларды кабылдаганымыз ушин алгыс айтуы кажет.

    • Мен көрген жоқпың басқа ұлт қазақтарға алғысын айтқаның, кезінде Сталин заманында вагон, вагон болып келген неше түрлі ұлт өкілдерін қазақ даласына тастап кеткен, сонда қонақ жай қазағым өздері күнін әзер көріп отырса да, торынен орын беріп бір нанды бөліп жеген, қазақтың арқасында аман қалған. Қазір сол қазаққа баран деген сөзін естісйсын, алғыстары сол ма

  10. Алматы облысы Жамбыл ауданы “Берiктас” онер орталыгынын басшысы Тотеев Маратка Берiктас орта мектебинин атынан улкен алгыс айтамыз.Мектебине корсеткен демеушилиги ушин.Ужымына улкен жетистиктер тилеймиз.

  11. Мың алғыс саған – Анашым! … Есейіп кетсемде, мен саған сәбимін. Көгілдір көктемдей көзіңнен танимын. «Ана туралы жыр» әнінен. АНА… Осы үш қана әріптен құралған ұлы сөзге әлемдегі барлық жылулық, барлық пәк сезім, барлық бақыт пен махаббат, тіпті бүкіл жаһан сыйып кеткендей… Анаға қаншама ақындар жыр арнаған. Қаншама жазушылар шығарма жазған. Ана – мәңгілік тақырып. Аналарға қанша жылы сөздер мен дүниенің барлық асылын алдарына әкеп үйіп қойсаң да, осы жандардың ақ сүтін өтей алмайсың. Жер бетіндегі аналардың тілеуі бір. Ол – мейірімділік, адалдық, бейбітшілік, адамгершілік. Ұрпағының аман-саулығы. Менің де аяулы екі анам бар. Олар: асыл әжем мен аяулы анам. Дүние есігін ашқаннан бері асыл анамның аялы алақаны мен жылы құшағының арқасында ешқандай қиындықты сезінбей өсіп келемін. Менен басқа отбасымда тағы да інілерім бар. Әкем мен анам біздің болашағымыз үшін еңбек етуде. Бізді қатарымыздан қалмай, білім алып, еліміздің елеулі азаматтарының бірі болса екен деп тілейді. Біз үшін түн ұйқысын төрт бөлген анамның қасымызда екеніне мен қуанамын. Оның таңертең еркелетіп оятқаны, кейде көңілсіз болсам, келіп жып жылы алақанымен маңдайымды сипап, бетімнен өпкені, ауыра қалсам, қасымнан кетпей қинала қарайтын жанары – бәрі маған ерекше күш беріп, сәуле шашқан күн сияқты. Менің аяулы әжем – Қожанова Мәрита. Ол анамның анасы. Он баланы туып, бағып-қағып, мәпелеп өсірген қадірлі ана. Отбасының ұйытқысы болып, балалары еліміздің өркендеуіне өз үлестерін қосып жүрген білімді де мейірімді жандар. Осы ақ жаулықты әжемізді біз, немерелері құрмет тұтамыз, сыйлаймыз. Ол кісіден үлгі аламыз. Аяулы әжеміз әрқашан қасымызда болса деп тілейміз. Кейде анам бір-екі күнге қыдырып кетсе, үй іші де жылусыз қалған сияқты болады. Анам есікті ашып кіріп келгенде, күннің нұры құйылып кеткендей, бәріміз көктемгі жапырақтай жадырап сала береміз. Осы аяулы жандарды кейде ренжітіп алғанымызды да байқай бермейміз-ау. Орынсыз талаптар қойып, еркелігімізді асырып та жібереміз. Дауыс көтеріп жататындарымыз да болады. Бірақ, осы қылықтарымызға анамыздың іштей налып, қиналатынын қайсібіріміз ойламаймыз да ғой. Қателігімізді түсініп, бір ауыз жылы сөз айтып, кешірім де сұрамаймыз. Иә, «алтынның қолда барда қадірі жоқ» екенін біреуіміз түсінсек, енді біріміз түсінбейміз. Бала үшін ананың орны бөлек. Ана – бұлақ, біздің өміріміз анамызбен көрікті. Аяулы Анам! Саған деген жүрегімдегі ризашылық сезімімді қаншама сөз маржанын терсем де, жеткізе алмаспын. Бұл дүниеде сенімен ғана бақытты екенімді білемін. Анашым, мен үшін дүниенің бар асылы – бір өзіңсің! Қасымда болмасың, өмірімнің сәні де, мәні де болмас. Сен – ақылшым, сен – тірегім, сен – кәусар бұлағым. Әрқашан қасымда болшы, Анашым. Дүниеде сендей асыл жанның болғанына ризамын. Мен үшін түн ұйқыңды төрт бөлгенің үшін, маған деген ыстық ықыласың үшін, аялы алақаның мен жылы құшағың үшін, мейірім толы жүрегің үшін мың алғыс саған, Анашым!

  12. Елбасы 2015 жылдың сәуір айында Қазақстан халқы ассамблеясының XXII сессиясында сөйлеген сөзінде: «Сталиндік режім кезіндегі әр жылдарда бүтіндей бір халықтар – 800 мыңға жуық неміс, 102 мың поляк, 550 мың Солтүстік Кавказ халықтарының өкілдері, 18,5 мың Қиыр Шығыстағы корей отбасылары қоныс аударды. Оларды вагондардан ашық далаға әкеліп түсірді. Ол кезде мұнда тек қазақтар ғана тұратын. Сондықтан қабылдаған да солар болды. Сөйтіп, өздері мұқтаждықта өмір сүріп жатқан қазақ отбасылары оларды өздерінің саман үйлерінде қабылдады. Біздің отбасымыз да үш баласы бар ерлі-зайыптыларды қабылдады», – деген болатын.
    Сонымен қатар Президент: «Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған күн – 1 наурызды жыл сайын Барлық этностардың бір біріне және мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Ол күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді», – деді.
    Осылайша, бүгіннен бастап Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер қатары толықты.

  13. Өткен жылдың сәуір айында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мәңгілік Ел: бір ел — бір тағдыр» тақырыбымен басталған ХХІІ сессиясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өте жақсы бастама көтерді. «Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнінде — 1 наурызда — барлық ұлттың бір-біріне және осы адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген қазақтарға алғыс айту күні деп белгіленсе әділетті болар еді» — деді Қазақстан Президенті.
    Ал биыл 14 қаңтар күні Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні — 1 наурызды Алғыс айту күні деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды. Яғни, биыл көктемнің алғашқы күнінде ел халқы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтеді.
    Алғыс айту күні — ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенім мен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні.
    Бұл — тағдыр тәлкегімен Қазақстан аумағына еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына тағзым ететін күн! Қазақ халқы қиын-қыстау заманда өздерінің шекесі шылқып отырмаса да, келген ұлттардың бәрін бауырына басты, барын алдына тосты. Сондықтан бұл күн — түрлі ұлт өкілдеріне қорған болған Ұлы Дала еліне деген алғыс күні болуға тиіс!
    Алғыс айту күні — Елбасы басшылығымен қиындықтарды бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін һәм тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу күні. Бұл — әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдаудың, репрессия мен жер аудару жылдарында қазақ халқы көрсеткен мейірімділік пен қамқорлықтың, рухани қайсарлықтың төл мерекесі болуға тиіс!
    Алғыс айту күні – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы — еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні. Бұл атаулы күн еліміздегі ең жарқын мерекелердің бірі болады деген сенімдемін. Оның Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейлі жылында тұңғыш рет тойлануы да жақсы нышан.

  14. Сабақ тақырыбы: 1 наурыз – Алғыс айту күні

    Мақсаты: балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту
    Міндеттері: – ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру;
    – үлкен – кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым – қатынасын дамыту;
    – әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу
    Әдістері: сыни тұрғыдан ойлау технологиясының стратегиялары, ойын, түсіндіру, әңгімелесу.
    Көрнекіліктері: оқулық, дәптер, сандықша
    Барысы:
    І. Ұйымдастыру
    Оқушылар тізбектеліп, бір – бірлеріне тілек білдіріп шығады.
    Ризашылық өлеңін оқу
    Ризамын бүгінге,
    Ризамын бүгінге,
    Ризамын бүгінге,
    Ризамын қазірге!
    Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге,
    Ризамын, ризамын, ризамын қазірге.
    ІІ. Кіріспе.
    «Орынын тап» ойыны
    Оқушыларға әріптер беріледі. Осы әріптердің артында жұмбақтар жазылған. Олардың жауаптары тақтада ілінеді. Әріптерді дұрыс жауаптардың орнына орналастыра отырып, сабақтың тақырыбы ашылады.

    Шаңырақ – күн,
    Уықтары – нұр, шашқан.
    Екі пырақ, көк аспанға ұласқан.
    Жарқырайды темірқазық жұлдызы,
    Жол көрсетіп, алға бас – деп, Қазақстан! (Герб)
    Ыстық дейді оны оттан,
    Патриот оны ұнатқан.
    Оңбайды бұл өмірде,
    Адам оны жоғалтқан. (Отан)
    Баспана көшпендіге өте ыңғайлы,
    Әдемі мекен екен, жанға жайлы.
    Тентектік істеп қойсаң, әке – шешең,
    Сені тағы бұрышқа қоя алмайды. (Киіз үй)

    Егіз қайың,
    Бой – бастары тең өскен.
    Іске дайын,
    Бұтақтары бес – бестен. (Қол)
    Бір малға екі бала мінгеседі,
    Айлап – жылдап түспестен күн кешеді. (Түйе)
    Тұмсығымен ояды,
    Ағаш құртын жояды. (Тоқылдақ)
    Қиналмай тауларды, орманды,
    Теңізді, дария, жондарды,
    Ауылды, қаланы, халықты…,

    Ойлап тап, көтерген алыпты. (Жер)
    Тау, қыр, жазық, өзен, көл –
    Қабырғада биік тұр.
    Нансаң, кел, өзің көр –
    Бір қағазға сыйып тұр. (карта)
    Емес ол кітап та, дәптер де,
    Жүреді бірақ та портфельде.
    Көрсетіп ондағы бағаңды,
    Қуантып қоясың ағаңды. (күнделік)

    Тақырыптың мақсатын түсіндіру.

    Әңгімелесу
    Ризашылық дегеніміз не?
    Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер?
    – Адам өзінің ризашылығын, алғысын қандай сөздермен білдіреді?
    – Сендерге кім қандай жағдайда алғыс айтты?
    – Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер?
    Балалардың жауаптары тыңдалады.

    ІІІ. Негізгі бөлім.
    Ризашылық – адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі.
    – Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай – ақ оның ойы мен іс – әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.
    Ризашылық ұғымымен тағы қандай ұғымдар байланысты? Адамдар арасындағы ынтымақты қарым – қатынастың орнауы әр адамның өзіне және қоршаған ортасына тікелей байланысты. Сондықтан «Ризашылық» атты Қазақстан елінің барлық оқушылары мен отбасылары қатысатын акциясы өткізіледі. Осы акция төңірегінде көмекті қажет ететін балалар мен ересек адамдарға ақшалай, тұрмысқа қажет құралдар мен киім – кешек түрінде көмек көрсетіледі. Осы акцияның негізін салушы Сара Алпысқызы.
    Бүгін – Рақмет айту (Thanksgiving Day) күні. Күннің халықаралық дәрежесі жоқ, мұны АҚШ және Канада халықтары қараша айының әрбір төртінші бейсенбісінде атап өтеді. Көз алдыңызға америкалық бақытты отбасылардың дастарқан басына жиналып, дәмді бәліштер мен күрке тауық етін жеп отырған сәті келді ме? Алайда, бұл мереке дастарқанмен ғана шектелмейді. Мерекенің ешбір дінмен байланысы жоқ, адамдар тек қана әрбір күн сайын не үшін рақмет айту керек екендігін ойланады.
    Атаулы күн алғаш рет 1621 жылы ағылшындық колонистердің бастамасымен тойланған. Қыс мезгілі өте ауыр болып, адамдар аштыққа ұшырағандықтан губернатор Уильям Брэдфорд қол астындағылардың көңіл-күйін көтеру үшін Алғыс айту күнін белгілейді. Айналадағы басқа да көршілер бұл дәстүрді жылы қабылдап, қаһарлы қысты аман-есен өткереді. Рақмет айту күнінің басты нышандарының бірі – түйе тауық. Себебі, ағылшындық колонистер мерекені алғаш тойлағанда орманда атылған төрт түйе тауықты жеген екен.
    Кейіннен, яғни, 1789 жылы Джордж Вашингтон Рақмет айту күнін “Ұлттық мереке” деп жариялайды.
    Бұл күні барлық отбасы міндетті түрде дастарқан басына жиналып, туыстарына жақсылық жасауға асығады, жақындарын қуанту үшін түрлі тосын сыйлар ойлап табады. Қаладағы метроларда ерекше үстелдер орнатылып, адамдар ақша, азық-түліктерін қайырымдылыққа әкеліп қояды. ХVІІ ғасырдан келе жатқан әр түрлі киімдерді киген тұрғындар шеруге шығып, думанды кештер ұйымдастырады.
    Әрине, мереке біздің менталитетке сай емес деушілер табылар. Дегенмен, жылдың бір күнінде не үшін рақмет айту керек екенімізді ойлана жүрсек артық етпейтін секілді. Көптеген адамдар материалдық жағынан толық қамтамасыз етілген болса да, алғыс айта білмегені үшін рухани кедей болып қалып жатады.
    Қазақстан халқы Ассамблеясының “Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр” тақырыбымен басталған ХХІІ сессиясының ашылу салтанатында сөз сөйлей отырып, Назарбаев халықтардың түгелдей жер аударылғанын еске алды.
    “Сталин режимінде әр жылдары, өздеріңіз білетіндей, халықтар түгелдей жер аударылды. Оларды вагондардан ауылдарға тастап кете берді, олардың еш дүниесі болған жоқ. Сол уақытта бұл далада өздері мұқтаж бола отырып, оларды саман үйлеріне қабылдаған қазақтар, қазақ отбасылары ғана өмір сүрді”, – деді Президент.
    Назарбаев отбасының жер аударылғандарды қабылдап алғанын еске алды. “Саманнан жасалған екі бөлмелі там үйде тұрған біздің отбасы үш баласы бар жанұяны қабылдап алды. Көз алдымда әрқашан, әрқашан олардың бөлменің бір бұрышына жиналғанын елестете беремін, олар қорқып тұрды – киімдері жыртылған, аш, тозып кеткен. Олар біздің отбасыда өмір сұрді, жұмыс істей бастады, өмір бойы алғыс айтып өтті. Мен оның балаларымен дос болдым”, – деді ол.
    “Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнінде – 1 наурызда, басқа уақытты қойса да болады – барлық ұлттың бір-біріне және осы адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген қазақтарға алғыс айту күні деп белгіленсе әділетті болар еді”, – деді Қазақстан Президенті.
    Сонымен, рақметке лайықты кімдер? Тізімді бірге құрайық! Бастысы – алғыс айта білу…
    Анаға – өмір сыйлағаны үшін,
    Әкеге – қорған болғаны үшін,
    Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,
    Сөзге – жанды жылытатыны үшін,
    Күнге – шуағы мен назары үшін,
    Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,
    Досқа – құшағы мен иығы үшін,
    Әжеге – ыстық алақаны үшін,
    Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,
    Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін,
    Отқа – жылулығы үшін..

    Топпен жұмыс
    І – топ: Мұғалімнің және сыныптастарының қыз баланы туған күнімен құттықтау сәтін сахналау
    ІІ – топ: Ағалы – қарындас туыстардың үйге келген қонақтарды күтіп алу сәтін сахналау
    ІІІ – топ: Сендер қандай жағдайда риза боласыңдар?
    ІҮ – топ: Ризашылықты қандай жолдармен білдіруге болады?
    Ү – топ: Дәйексөздің мағынасын түсіндіреді. «Өмірге риза болып, алғыс айт»
    “Адам өз ісіне қанағаттанып, сүйсінген кезде ризашылық сезімге бөленеді.
    «Адам өз ісіне қанағаттанып, сүйсінген кезде ризашылық сезімге бөленеді.
    Өзіне жасалған жақсылыққа ризашылық білдіруді алғыс дейміз»

    Проблемалық сұрақ: «Жақсылық жасаудың біз үшін қандай пайдасы бар? Біз неліктен басқаларға жақсылық жасауымыз қажет?»

    Видео ролик. «Жақсылығың қайтар өзіңе»

    ІҮ. Қорытындылау
    – Балалар, жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңыздар. «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын есте сақтаңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат – Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар.
    «Автограф» ойынын ойнату. Әр оқушыға артына қағаз бекітіледі. Осы қағазға басқа оқушылар тілектерін жазуы қажет.
    Пікірлер себетін толтыру.
    Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
    Осы сабақта өздерің үшін қандай жаңалық аштыңдар?
    Осы сабақтан кейін қоршаған ортаға деген көзқарастарын өзгерді ме? Өзгерсе қалай?

  15. ия мына заманда бір-біріне алғыс айтудың өзі қуаныш .Осы алғыс айтудың арқасында адамдар мейірімділікке үйренетін шығар

  16. Анама алғыс!
    Жанарымды жайнатқан жөргектегі елде.
    Еңсесі түзу жан болар ма едім?
    Құба талды бесігін тербетпегенде.
    Түн ұйқысын тәркі етіп тынымсыздыққа
    Қуанышы тасыған еңбектегенде.

    Әкеме алғыс!
    Ұл болсын деп тілеген Ер Түрігімдей.
    Өмірімде бөрідей болуға баулып
    Қойынына басатын бөлтірігіндей.
    Бақытым болар жырымды жария етсем
    Әуелеген әкемнің еркін үніндей.

    Ағаға алғыс!
    Ұзай кетсем ойлайтын қамымды менің.
    Бір бәлеге тап болса құрсақтастарым
    Қапсырмалап,қысатын жанымды демім.
    Бауырларым болмаса тірегім болған
    Осыншама айбатты,арынды ма едім?!

    Әпкеге алғыс!
    Нұсқауымен көрсеткен кәделіні ұқтым.
    Анамыздан айнымай туылғаннан ақ
    Иесіне айналған әдемі үміттің.
    Өшірмейтін жарығын мына әлемдегі
    Белгісі болып жаралған әдеміліктің.

    Ініге алғыс!
    Жалғасы болып өмірдің тұратын күліп.
    Деп жүреді:”Ардақтап көтеремін мен
    Атамыздың аманат,мұратын биік”
    Қиындыққа кезіксе соққы болатын
    Менің жаным ол үшін тынатын күйіп.

    Ұстазға алғыс!
    Бағым жанып,батылмен бел асқаныма.
    Төзіндіріп өмірдің талаптарына
    Ниеттеген арманның ең асқағына.
    Арқасында ұстаздың даналар баққан
    Ой-өрісім бұл күнде тең аспаныма.

    Сүйгенге алғыс!
    “Үйленуге біздерге ерте” деп маған
    Айтып жүреді,керемет күндер тілейді
    Шығыс жақтан ңұрланса ертелеп далам.
    Көздерінде бар әлем әрленіп қалып
    Күлімсіреп тұрады еркелеп маған.

    Досыма алғыс!
    Бірге қарсы шығатын қиындықтарға.
    Ең бақытты ер болып жүретін едім
    Қысылғанда достарым күйімді ұққанда.
    Көтеретін еңсемді егіліп,талсам
    Жақсылықты жамандық зұлым жыққанда.

    Еліме алғыс!
    Балаң едім батаңмен жанатын бағы.
    Нәтижесі тілектің өзіңнен туған
    Мына ұлыңның ақын болып жаратылғаны.
    Қол жеткізіп еліме тарту етемін
    Биіктікті қыранның қанатындағы.

    Өмірге алғыс!
    Өнегеңді түсіндім бар күшімменен.
    Айналайын,тағдырым, қасиетіңнен
    Келіп тұрар бетіме қарлы шыңменен.
    Шабыттанған жаныма жауап қатқайсың
    Ей,өмірім,алғысқа- алғысыңменен!!

  17. Елбасымыздың негізгі айтайын деген ойы қиын қыстау кезіне қарамастан жан жақтан жер ауып келген босқындарды бөліп жармай қабылдап алған қазақ ұлтына басқа ұлттардың алғыс айту күні! Бұл дер кезінде айтылған ұсыныс. Қазақ ұлтын алға қалай сүйреп шығарам деген жанашырлықпен айтылған жүрек жарды ақ тілегі деп ойлаймын. Қазақты құрметтесін,сыйласын кімнің арқасында басқалардың талтаңдап жургенін білсін деген терең ой бар мұнда. Соны дұрыс түсіне білейік,ағайын!

  18. Дəл солай. Төрдің иесі кім екенін бəрі де білгені жөн деген ой жатыр астарында. Қазақ халқын бəріне мойындату ниетінен туындағанын түсінуіміз керек,ағайын!

  19. Алғыс айту күні ол тек басқа ұлттардың қазақ ұлтына алғыс айтуымен ғана шектелмей біздің де сол ұлт өкілдеріне алғысымызды айтуымыз керек. Үйткені олар қазақстанның адам санын көбейтіп, мемлекетімізге өз үлестерін қосып отыр. Сондықтан бір бірімізге алғысты жаудырып отырсақ, одан тек жүректер мейірімге толады.

  20. Елбасының ұсынысын бүкіл қазақ халқы қолдайды. Тойдың көп болғаны неге жаман, керісінше, бүкіл әлем халқы қазақ деген ұлы ұлттың бар екендігін, оның әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, тілі мен ділін білсін. Мейрамның көп болғаны сол халықтың бай-бақуатты өмір сүретінін көрсетпей ме… Іші күйетіндер тұз жаласын. Жер бетінен ұлт ретінде жойылып кетпегеніміз үшін ата-бабаларымызға мың алғыс, Ұлы отан соғысында қыршыннан қиылған боздақтарымызға мың алғыс, бейбіт күнде өмір сүріп жатқанымыз үшін Елбасымызға мың алғыс!!! Алғысты күн сайын айтса да артықтығы жоқ.

  21. Алғыс айту күні мереке болып белгіленгені әділетті шешім болды. Жастарды мәдениеттіліке, мейірімділікке,сыйластыққа тәрбиелеуде маңызы зор.

  22. Ел басына қатер төнген кезде қиындыққа тап болған басқа ұлттардың өкілдеріне қол ұшын берген қазақ халқына көп алғыс.

  23. Елбасына мен оз басым шексиз алгыс айта алмаймын.Себеби жасап жаткан жаксылыгы ауыз толтырып айтарлыктай емес.
    Мен егерде елбасымен жолыгып сойлессем халыктын арасында болып жаткан жагдайлардын барин бирин калдырмай айтар едим!!!

  24. 1 ші наурыз күні – Алғыс айту күні – бүл Елбасының өте дұрыс шешімі !!!
    Сондай- ақ, барлығымыз, бір-бірімізге, Елбасымызға, Нұрсұлтан Абішұлына алғыс айтамыз !!!

  25. салеметсиз бе коп баллалы аналарга егиздерге т.б наурызга арналган акйия согани калай тиркелуге болады отинем

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!