Алматы облысында мектеп оқушыларына тиіскен ауыл мұғалімі педофил ретінде күдіктелуде

Алматы облысының Ұйғыр ауданында полицейлер жоғарғы сынып оқушыларына тиіскен ауыл мұғаліміне қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы беймәлім біреу полицейлерге хабарласқан. Бұл туралы Алматы облысының ІІД баспасөз қызметі хабарлайды. Дереккөз: stan.kz

0
педофил зорлау

Мәліметтерге сүйенсек, жоғарғы сыныпта оқитын қыздарға тиіскен деген айыппен Ұйғыр ауданының тұрғыны, жергілікті мектептің мұғалімі күдіктеліп отыр.

Балалар ісі бойынша 150 нөміріне беймәлім біреу хабарласып, ұялы телефонға түсірілген 4 оқушы қыз туралы видео жайлы айтады. Полицейлер осыған қатысты тексеріс жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Қылмыстық іс Ұйғыр аудандық ішкі істер бөлімінде. Полицейле қазіргі уақытта күдікті азаматтан сұрақ алып жатыр.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу