Кәсіби шеберлік және журналистика

0
Кәсіби шеберлік және журналистика

2016 жылдың 22-23 қаңтарында «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ ұйымдастыруымен, Алматы қаласында қазақ журналистері үшін «Кәсіби шеберлік және журналистика» тақырыбында семинар-тренинг өтеді. «Шеврон Мұнайгаз Инк» компаниясы демеушілік еткен бұл шарада медиа-тренерлер – Ватан Өз (Лондон, Ұлыбритания) бен Хедие Ероғлұ (Стамбұл, Түркия) отандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен экономикалық жәрналистика мен онлайн медиаға қатысты тәжірибелерімен бөліседі.

96664

«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ президенті Нәзия Жоямергенқызы: «Қазақ журналистері үшін ұйымдастырылатын тегін семинар-тренингке Алматы, Тараз, Шымкент пен Қызылорда қалаларындағы тәуелсіз БАҚ қызметкерлері қатысады. Басты мақсат – журналистердің кәсіби шеберлігін шыңдауға, жаңа медианы тәжірибе жүзінде жетік меңгеруге ықпал ету», – дейді.

Ұйымдастырушылардың айтынша, журналистерге арналған семинар-тренинг Астана (29-30 қаңтарда) мен Атырау (5-6 ақпанда) қалаларында да өткізілетін көрінеді. Аталған шараларға Астана, Атырау, Семей, Өскемен, Ақтау, Ақтөбе, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды т.б. аймақтардағы журналистер шақырылған.

«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ – «Түркітілдес журналистер қоры» Қоғамдық қоры 2014 жылдың 11 қарашасында құрылған. Мақсаты – Қазақстандағы және Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Татарстан т.б. түркі мемлекеттеріндегі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен серіктестік орнату, іскерлік ынтымақтастықты арттыру, тығыз қарым-қатынаста болу, тәжірибе алмасу. «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ қазақстандық журналистердің кәсіби білігін арттыру мақсатында түрлі тегін семинар-тренинг, шеберлік сабақтарын өткізіп жүр. ды да мақсат етеді. Соңғы кездері бірнеше рет қазақ журналистеріне арналған семинар-тренинг, шеберлік сабақтарын өткізді. Тақырып: жаңа медиа, дата журналистика, ақпараттық технологияны шебер пайдалану, журналистика жанрларын жетік меңгеру т.б. Қордың жанынан Қазақстандағы Әйел журналистер клубы мен Жас журналистер клубы құрылған. Аталған клубтардың міндеті мен мақсаты «Түркітілдес журналистер қоры» ұстанатын қағидаларымен ұштасады.

«Шеврон» корпорациясы – әлемдегі аса ірі интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Компанияның бас кеңсесі Сан-Рамон қаласында (Калифорния, АҚШ) орналасқан. «Шеврон» өзінің қызметін әлемнің 100-ден астам елінде жүзеге асырады және мұнай-газ өнеркәсібінің барлық ауқымы бойынша, соның ішінде мұнайды геологиялық барлау мен шығару, өндіру, сатып өткізу мен тасымалдау, мұнай химиясы өнімдерін өндіру мен сату саласында, сондай-ақ геотермия және электр қуатын өндіру саласында жұмыс істейді. Сонымен қатар компания жаңғыртылатын қуат көздері мен озық технологияларды дамытуға инвестициялар құяды. «Шеврон» Қазақстандағы жетекші жекеменшік мұнай өндіруші компания болып табылады және елдің аса ірі екі кен орны – Теңіз бен Қарашығанақтағы айтарлықтай акциялар пакеттерін иеленеді. Корпорация сондай-ақ Каспий құбыр консорциумындағы аса ірі жекеменшік акционерлер қатарында.

Постер Алматы, Астана

постер Лондон, Стамбұл

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу