Жамбылда дәретханадан табылған сәбиге ат қойылды

Жамбылда дәретханадан табылған сәбиге есім берілді. Бұл туралы Т.Рысқұлов ауданы білім беру бөлімінің басшысы Ләззат Өтеулиева хабарлады.

Дереккөз: stan.kz
0
Жансая Мәжіғұлова

«Құжаттары бүгін ғана қолға тиіп отыр. Нәрестенің аты-жөні – Жансая Мәжіғұлова, туған күні – 3 қаңтар 2016 жыл. Қыздың атын әжесі  қойып отыр. Анасының тегі берілген. Құжатта әкесінің аты көрсетілмейді», – деді білім бөлімінің басшысы.

Оның айтуынша, нәресте 20 қаңтардан бастап Тараз қаласындағы “Үміт” сәбилер үйіне беріледі екен. Ол үшін қазір қажетті құжаттар реттестірілуде екен. Оған дейін Жансая ауруханада болады. Дәрігерлердің айтуынша, сәбидің жағдайы жақсы, денсаулығына ешқандай қауіп жоқ.

Естеріңізге салайық, 3 қаңтар күні Жамбыл облысындағы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тас жолының бойында орналасқан дәретханалардың бірінен жолаушылар  жаңа туған сәби тауып алған болатын. Анасы оны босанып, дәретхана шұңқырының ішіне тастап кеткен. Абырой болғанда, нәресте аман қалып, оған дер кезінде көмек көрсетілді. Ал, 21 жастағы жас ана болса оқиға болған күннің ертеңінде ұсталып, қазір тергеліп жатыр.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу