Сенаторлар баяндамасын тек орыс тілінде жасап үйренген Асылан Сәрінжіповке шүйлікті

Сенаторлар баяндамасын тек орыс тілінде жасап үйренген Білім министрі Аслан Сәрінжіповке шүйлікті. Депутат Сәрсенбай Еңсегенов, маңызы зор министрлікті басқарып отырған лауазымды тұлғаның, парламентте мемлекеттік тілде сөйлеуін сұрады. Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Дереккөз: 31.kz
0
Аслан Сәрінжіпов

«Сіздің осы парламенттегі баяндамаларыңыздың мемлекеттік тілде жасалуы сиреп барады. Аслан Бәкенұлы, осыған көңіл аударуыңызды сұраймын»,- дейді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегенов

Сенатордың ескертуінен кейін Аслан Сәрінжіпов мемлекеттік тілде жауап беруге тырысып еді, арашаға спикердің өзі түсті. Қасымжомарт Тоқаев орыс тілінде баяндама жасаған министрді сынаған сенатордың өзіне ескерту жасап, “заң жобасы туралы ғана сұраңыз” – деді. Өзінің “артық” кетіп қалғанын түсінді ме, Сәрінжіповке қатқылдау сөйлеп отырған Сәрсенбай Еңсегенов шатасып кеткенін айтып, сенат төрағасынан кешірім сұрады.

Айта кетейік, мәжілістегі әріптестерінің өздерін тарату туралы ұсынысын қолдаған сенаторлар, бүгін жаңа вице-спикерлерін таңдады. Сенат төрағасы орынбасары қызметінде 2011 жылдан бері отырған Қайрат Ищанов өз еркімен қызметінен босатуын сұрап арыз түсіріпті. Оның орнына бүкіл әріптестерінің қолдауымен сенатор Сергей Громов отырды.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу