ФИФА “Реал” мен “Атлетиконы” жазалады

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) жастары 18-ге толмаған ойыншыларды қатарларына қосулары себепті мадридтік “Реал” мен “Атлетикоға” енді жаңа ойыншыларды алуға тыйым салып отыр. Бұл туралы ФИФА-ның ресми сайтында жазылды. Дереккөз: stan.kz

0
Реал мен Атлетико

Енді екі клуб осы трансферлік терезеде үлгеріп жаңа футболшыларды қатарларына қосып алулары керек. Ал алдағы жаздан бастап 2017 жылдың қысқы трансферлік маусымына дейін қос команда үшін “сауда-саттық” жасауға тыйым салынды.

Мұндай қорытынды екі клубтың былтырғы жылы кәмілетке толмаған футболшылармен келісімге келулері себепті шығарылып отыр.

Сондай-ақ, “Реал” 900 мың швейцар франкын, ал “Атлетико” 360 мың франк төлеуге тиісті. Қос ұжымға жағдайды реттеп алу үшін 90 күн уақыт беріліп отыр.

Ертеректе, осындай тыйым “Барселонаға” да салынған болатын. Католондық клуб та 2015 жылдың қаңтарынан бастап екі трансферлік кезеңде құрамын жаңарта алмайды.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!