Шымкенттің әкімі «Shymkent city» орталығын салуды ұсынды

12

Шаһар басшысы Ғабидолла Әбдірахымов облыс әкімі Бейбіт Атамқұловқа Шымкент қаласының 2020 жылға дейінгі даму концепциясын ұсынды. Аталған құжатта Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық даму жәй-күйіне салыстырмалы талдау жасалынып, негізгі көрсеткіштердің даму динамикасы, өзекті мәселелер және қаланың 2020 жылға дейінгі перспективалары көрсетілген. Даму тұжырымдамасында қала әкімдігінің негізгі мақсаты, яғни республикадағы үшінші ірі қала мәртебесіне лайықты орын қамтамасыз ету, ондағы тұрғындардың қолайлы ортада өмір сүруіне және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған. Жиынға қатысушылар презентация барысында шаһарымыздың алдағы 5 жылда жүзеге асатын болашақ жоспарларымен танысты.

Ұсынылған құжат Елбасының Қазақстан халқына жолдауларындағы басым бағыттары негізінде дайындалған. Бұл концепцияның түпкілікті мақсаты—Шымкент қаласын тұрғындарға ыңғайлы және қонақтарға тартымды етіп көрсететін республикадағы заманауи мегополиске айналдыру. Бұл жолда қала әкімі Ғ.Әбдірахымов мынадай міндеттерді ортаға қойды.

Бірінші: қала тұрғындарын толғандыратын негізгі мәселелерді шешу;

Екінші: қала тұрғындары мен қонақтарына қажетті инфрақұрылым жүйелерін жетілдіру;

Үшінші: қалада бизнеске қолайлы жағдай жасау, инвестиция көлемі мен туристердің санын арттыру.

Жиында қала басшысы Ғабидолла Әбдірахымов: «Қала экономикасына инвестициялар тарту үшін бізге жаңа жобалар қажет. Осы ретте, Тұран шағынауданының солтүстік-батыс бөлігінен «SHYMKENT CITY» заманауи тұрғын және іскерлік орталығын салуды ұсынамын. Ол үшін алаңы 412,0 га жерді «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының құрамына енгізіп, инвесторларды ынталандыру қажет. Осы мақсатта арнайы заңға өзгерістер енгізу жөнінде Үкіметке ұсыныстар беріледі. Сонымен қатар, «Тұран» шағынауданының егжей-тегжей жоспарлау жабасына өзгерістер енгізіп, инженерлік коммуникациялық жүйелердің құрылысын салу қажет», — деді.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Шымкент қаласына деген ықыласы өзгеше. Олай дейтініміз, әр реткі сапарында Шымшаһарға қатысты нақыл сөздер айтып, үшінші қаланың абырой-беделін көтеріп келеді. Кезекті бір сөзінде: «Шымкент – сәулетті қала. Тарихқа тұнып тұр. Астана, Алматыдан кейінгі Қазақстанның үшінші қаласы – Шымкент дегенді мен бұрын да айтқанмын. Халқының саны бір миллионға жетерлік қаланың көркі бүгінгісінен де көркем болады», — деген болатын.

Шымкент қаласы жыл өткен сайын кеңейіп, еліміздің ірі экономикалық, аграрлық қаласына айналуда. Бұл ретте шаһар басшысы қызметке кіріскен 3 ай ішінде қаладағы түйіткілді мәселелермен танысып, оның оң шешім табуына ықпал етіп келеді. Сонымен қатар, Ғ.Әбдірахымов түрлі әлеуметтік топтардың өкілдерімен кездесіп, әр қайсысының пікірлерін назарға ала отырып, Шымкент қаласының гүлденуіне, қарыштап дамуына қажетті ұсыныс, тілектерді өз қадағалуына алып келеді. Әсіресе, жоба дайындау барысында жергілікті тұрғындар арасында сауалнама жүргізілді. Қорытындысы бойынша, сауалнама қатысушыларының басым бөлігі жұмыссыздық туралы пікірлерін білдірді. Бірі-медициналық көмек көрсету қызметіне көңілі толмаса, тағы бір бөлігі қала жолдарының сапасы сын көтермейтіндігімен жеткізді. Экология, жол қауіпсіздігін сақтау және жастардың бос уақытын тиімді пайдалану секілді мәселелер де күн тәртібінен түскен емес.

Шымкент жасыл желекті қала. Сондықтан, қаланы көгалдандыру концепциясын назардан тыс қалдыруға болмайды. Шымкент тек қала тұрғындарының ғана емес, инвесторлар мен туристтердің де сүйікті қаласына айналуы керек. Алдағы 5 жылда Шымшаһар республикаға жаңаша қарқынды дамуымен танылады. Соның ішінде Бадам өзенінің жағалауы Шымкенттіктердің демалыс аймағына айналады.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

12 пікір

  1. Торговый центр, ойын-сауық орындары дегендерді көбейтпей-ақ қойыңыздар. Бұл жер қарапайым мінезді, орташа қалталы елдің мекені. Тым қымбат сауда орындарына тек шенеуніктер мен байлар ғана барады. Қара халық тек кіріп-шығып іштей қызығып қайтады. Бұл жердегі еңбек ақы Астана , Алматыдағыдай жоғары емес. Соңғы кезде,”түнгі клуб”, “кафелер” көбейгелі орталықта ұйқы болмайтын болды.Таң атқанша қым-қиғаш, төбелес. Арты кейде атысқа айналып кетеді. Оңтүстіктің жастарында ақыл, кішіпейілділік бар. Тек əр шенеунік келген сайын түрлі қызықтырғыш орындарды көбейтіп, жастарымызды өзгертпесінші. ӨТІНІШ!!!

    • Бұл түнгі клубтар емес қой. Мұнда охрана бар дегендей. Қайта таза жерде, бала шағамен демалып, қыдыратын жерлер салынғаны дұрыс деп ойлаймын.

  2. менім білуімше шымкент қаласының бас жоспары 2012 жылы бекітіліп,оған қыруар ақша бөлініліп,егжей-тегжей жоспары да /пдп/ бекітіліп қойған сияқты еді-әрине жобалаушы мекеме линейканы алып тузу сызықтарды былай да ,олай да жургізіп тастағанын байқадым-/олар көшелер/ ешқандай логика,масштабты ой болмаған-кілең снос,оны градсоветке үсынған,градсоветтін коммисиясында депутаттар,экономистер,юристер-бірақ маман аз/10 минутта сондай маңызды құжатты бекітуге ат салысуда/мүндай улкен маңызы бар құжатты бекіту ушін арнайы мамандырылған коммисия керек екенін ұмытпаған абзал/шымкент ситиді салу керек шығар-бірақ мамандырылған коммисия мушелерін таңдап,егжей-тегжейін талдап бір ақ рет шешу керек деп ойлаймын құрметті ағайын

  3. Біздің Жетісайға да бірдеңе салсыншы. Баратын жер жоқ. Айналып айналып үйге келеміз….

  4. оданда фитнес орталык ашсын багасын конылге конымды кылып каладагылар кымбат жане кейбыреулеры ескы болсада абонементтеры кымбат

  5. Менің айтарым қаладан 18 шақырым жерде шұбарсу деген елдімекен орналасқан 45 мың заңды қалқы бар сол елдімекенді қалаға қосса жұмыс орындары ашылармеді халқының көбі жұмыссыз

  6. Ақтауды екінші Дубай жасаймыз деп, қаншама миллиард бюджеттің теңгелері шашылды. Әр строительная компаниялар колынан келгенше уыстап ақша ұстап, жымқырып калды. Есесіне 2шi Дубай жәй ғана арман болып қалды біз үшін. Экономикасы бізден төмен Түркмения халқы Каспий жағалауын екінші Майамиға айналдырып алды. Бізде проект, жоба бәрі жақсы. бәрі бар. Тек қана дүниеге қатты құнығып кеткен шенеуіктер тым көп бізде… Аш қасқыр секілді, ақша көрсе сілекейлері төгіліп)) Бюджеттің ақшасы орынды жұмсалса, кәнекей!!! дегенімізге демде жетеміз!

  7. Бізде тіптен керектінің бәрі бар!!!
    Білім, мәдениет, қабат қабат үйлер, жерлер керек десеңіз ел басқаратын ағалар, тек сапалары төмендеу да)))))

  8. не дегенмен кала акиминин ои пикири жаман емес орндалып жатса нур устине нур болареди халкым акимге умит артаиык

Пікір қосу