Төреғали Төреәлі мен Ерке Есмахан «Алло» әнінің шығу тарихы жайлы айтты

«Алло» әні оп-оңай хитқа айналды. Неге? Өйткені, мағынасыз жылауық әндерден жалыққан тыңдарманға сөздері құлаққа қонатын, сазы ойнақы «Алло» ұнап тұр. Аталған әнге көп ұзамай түсірілген клип те шындыққа жанасады. Романтика бар. Анайылықтан ада, деп жазады «Егемен Қазақстан» басылымының тілшісі.

Дереккөз: egemen.kz
1

Сонымен, клип тыңдар­ман­дарына жол тарта салысымен әлеуметтік желідегі белсенді қа­уым­ның пікірлері көбінесе «Әннің авторлары кім екен? Жылауық әндерден шаршаған, естігісі кел­мейтін адамдарға жақсы екен». «Бейнебаянның өзі де қандай жақсы! Өмірден ойып алған бір көріністей екен шынымен». «Әні де, сөзі де ұнады. Тек «Кел, сырласайық, Кел, сырласайық, Қосылған солай көп егіз» деген же­рін тек жігіт айтуы керек пе еді деп ойлаймын» дегендей тұрғыда өрбіді.

“Бұл әннің елеңдететін ерекше бір тарихы жоқ. Бірақ қазіргі эстрадада орындалып жүрген әндерден басқаша бір шығарма жасағымыз келді. Қарап отырсақ, махаббат жайлы әндердің бәрі бір біріне ұқсас болып барады. Біз соларға ұқсамайтын тың тақырыпқа барып, сол бағытта жұмыс жасадық. Әншілердің арасынан қазақы әндер айтатын Ерке Есмаханды таңдап алдық. Сөзі мен сазы жазылғанда орындаушылардың дауысы, имиджі ескерілді”, – дейді Төреғали Төреәлі.

«Біздің «Алло» әні мен оған түсірілген бейнебаян xалықтан «жақ­сы» деген баға алып жатыр! Осы бағаны алу үшін еңбек еттік, демек мақсатқа қол жеткіздік!» деп жазды Ерке Есмахан өзінің жеке әлеуметтік парақшасында.

Ал клип танымал продюсер Баян Есентаева мен Төреғали Төреәлінің әкесі Төрәлі Төле­повтің идеясымен түсірілген. Әннің сөзін жазған айтыс ақыны Қайнар Алакөзов, әнін жазған Құрал Молжанов. Осы арада осы екі таланттың тандемінен, яғни Қайнар Алакөзов пен Құрал Молжановтың шығар­машылық одағынан өзге де танымал әндер туғанын айту керек. Мәселен, Төреғали Төреәлі орындап жүрген «Бол жанымда», Нұрболат Абдуллин шырқайтын «Сүйгенің қайда?» әндері осы күн­дері ең танымал хит әндердің қатарында.

Осылайша, әнші Ерке Ес­ма­ханның еркелігі, тұсауын айтыс кескен талант Төреғали Төре­әлінің жаңа дуэті көпшілікке ұнады.

Өнер айдынындағы жаңа­лықтардан құлағы түрік жандар соңғы уақытта бұл дарындар дуэт түрінде сахнаға көбірек шығып жүргенін байқаған да болар.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

1 пікір

Пікір қосу