Алматы полициясы 16 көлікті ұрлаған адамдарды ұстады

Алматы полициясы көлік ұрлаумен айналысқан қылмыстық топты әшкереледі. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады. Дереккөз: stan.kz

0
Алматы полиция

42 және 25 жастағы Талдықорған тұрғындары дабылмен қамтылмаған ескі көліктерді олжалап келген.

«Талдықорғаннан түнделетіп жетіп, күзетсіз тұрақтағы ескірек көліктерді ашып бірден Талдықорғанға тартып отырған. Жеткен соң көлікті құжатсыз заңсыз, сенімді адамдарына арзан бағаға сатып ақша тапқаны белгілі болды», – деді қалалық ІІД криминалды полиция басқармасының басшысы Жанболат Зиадин.

Қазіргі таңда олардың «Мазда», «Ауди», «Тойота Камри», «Мицубиси» маркалі 16 көлікті «барымталағаны» анықталды.

Күдіктілер 2 қаңтарда ұсталған. Қазір олардың тағы қанша қылмысқа қатысы бары анықталып жатыр.

Тәртіп сақшылары жүргізушілерге көлігін көрінген жерде қалдырмай, дабыл жүйесімен қамтуды ескертеді.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!