Дағдарыс кезінде қалай тіршілік ету керек – эксперт

Бұған дейін “Дағдарыс кезіндегі үнем: PR маманынан 5 лайфхак” атты материалда Ерлан Асқарбековтің дағдарыс кезінде қалай үнем жасау керек екені туралы кеңестерін ұсынған болатынбыз. Алайда, дағдарыс кезінде қалай әрекет етіп, тіршілік істеу керек екенін айтпасақ, ол кеңестер пайдасыз болып қалар еді. 12 жылдан бері шағын және орта кәсіп иелеріне кеңес беріп келе жатқан PR маманы Ерлан Асқарбековтен ақыл-кеңестер ұсынамыз. Дереккөз: theopenasia.net

1
мамандық

1. САЯЖАЙЫҢЫЗДЫ ҚОЛҒА АЛЫҢЫЗ

Саяжай

Саяжайыңызды қайта қолға алыңыз. Серіктестеріңіз бен достарыңыздың алдында жай ғана мақтанып, хауыз салып, жануарлар ұстайтын табиғи паркті емес, жеміс, көкөніс өсіретін  кәдімгі қарапайым саяжайыңызды, – дейді Ерлан Асқарбеков. – Өткен күзде мынадай тренд байқадым: жұрт әлеуметтік желілерде Далай-Ламамен немесе Мальдив аралдарында түскен суреттерін емес, қысқа қанша қор жинағанын, қай фермерлермен кездескенін көрсететін суреттер жариялай бастады. Фермерлер нағыз жұлдызға айналды!

Сондықтан да, көктемде саяжайыңызға оралыңыз, картоп егіңіз, жеміс ағаштарын отырғызыңыз. Бұл алдағы жылдардың трендіне айналатын үрдіс. Саяжайлар соңғы кезде қымбаттап кетті, сонда да, достарыңызбен, туыстарыңызбен бірлесіп жер телімін жалға алуға болады.

2. ҰЗАҚ САҚТАЛАТЫН ҚЫМБАТ ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДЕН ҚОР ЖИНАП ҚОЙЫҢЫЗ

ДӘРІ-ДӘРМЕК

Өзіңізде, не жақындарыңызда қымбат дәрімен емделетін созылмалы науқас болса – алдын ала дәрігермен кеңесіп алып, аз болса да, сол дәрілерден біраз қор жинап қойыңыз. Өйткені препараттардың көбі қымбаттайды. Былтыр бір жыл бойы мемлекет пен дәріханалар арасында белгілі бір тізімдегі дәрі-дәрмектердің бағасын көтермеу туралы меморандум болған, биыл ол әзірге ұзартылған жоқ.

Әрине, дженериктер – басқа дәрінің орнын басатын арзанырақ дәріні қолдануға болады, тек ол үшін де алдымен дәрігермен кеңесіп алған жөн.

3. ЖАҢА БИЗНЕС АШЫП, ДАМЫТУ

бизнес идея

Иә, қазір қымбат кредиттер мен мемлекеттік қызметтегі адамдар бизнестің дамуына кедергі келтіріп отыр деген пікір бар, сонда да бизнес құрып, дамытуға талпыну керек. Өйткені, оның бәрі көбінесе бос дақпырт – бизнесмендердің өздері ойлап шығарып, журналистер таратып жіберген ертегі ғана.

Әрине, екінің бірінің бизнесі бірден табысты болып кетпейді.  100% ішінен 5% ғана тірі қалады деуге болады. Алайда, бүгінде тәуекелдерді азайту технологиялары бар, соның арқасында “тірі қалғандар” үлесі 30% дейін артады.

Қаражат пен кредиттерге келер болсақ, мемлекеттік бағдарламаларды айтпағанда, он мыңдаған бизнесмендер “Бәйтерек”, “Самұрық Қазына”, “Зерде” холдингтерінің желісі бойынша көмек алып жатады.

Сонымен қатар, шамамен 60 млрд АҚШ долларына бағаланатын мемлекеттік капиталдың көзге көрінбейтін қабаты бар – бұл жинаған ақшасын табысты бизнес идеяларына салуға әзір жүздеген, мыңдаған миллионерлер. Сондай идеяңыз бар болса – саспаңыз – олар өздері сізге ақша әкеліп береді.

60 миллиард доллар  – барлық мемлекеттік бағдарламаларды қосқаннан да көп.

Ал екінші ертегі – мемлекеттік қызметкерлер тарапынан көрсетілетін кедергіге келсек, “шенеуніктермен” араңызда мәселе туындаған болса, сізді құттықтап қою керек шығар: сіз шағын және орта бизнестің 800 мыңдық армиясының құрамында емес, үздік 100 немесе 200 кәсіпкердің қатарындасыз және “Форбс” журналына шыға беруіңізге болады деген сөз.

Шын мәнінде, бизнесмендердің көбінде салық инспекциясынан басқа ешкімнің шаруасы жоқ, оның өзінде көп жұмысты қазір компьютер істейді.

Қаражатыңыз 100 миллион долларға жеткенге дейін сіз ешкімге керек емессіз. Қазақстанның кез келген (Алматы мен Астанадан басқа) қаласындағы жақсы кафенің бағасы 10 миллион доллардың айналасында. Олардың иелерінде көп адамның шаруасы жоқ. Бас мәселе шын мәнінде табысты бизнес құру қиын екенінде. Сонда да, әйтеуір әлденеден бастау керек қой. Apple  мен  Hewlett Packard жұмысы гаражда, ал Facebook студенттер жатақханасында басталған.

4. ТІЛ ҮЙРЕНІҢІЗ

Yaziki.jpg

Жұмысыңыз бар болса да, жоқ болса да – тіл үйреніңіз!

Қазақша білмейтін болсаңыз – қазақ тілін, ағылшыншаңыз жоқ болса – ағылшын тілін оқыңыз, екеуін де біетін болсаңыз – қытайша үйрене бастаңыз. Сонымен қатар, мамандығыңыздан да қол үзбесеңіз – көп ұзамай-ақ өрлеп көтеріле бастайсыз. Тіл үйрену аса қымбат емес, шамамен жарты жыл, бір жылдай уақыт кетеді.

5. БАСҚА МАМАНДЫҚТЫ МЕҢГЕРІҢІЗ

мамандық

Жұмыссыз қалған “ақ жағалыларға” айтарым – автоэлектрик немесе дәнекерлеуші деген сияқты жан бағысқа жарамды кәсіп үйреніп алыңыз. Бүгінде жақсы дәнекерлеуші немесе сантехниктің қол-аяғы жерге тимейді, табысы да жақсы. Жұрттың көбі адам тасуға көшіп жатыр ғой, менің айтарым – такси болған мықты емес, керемет болмаса да, дәнекерлеуші немесе автоэлектрик болған мықты. Әйелдер арасында йога жаттықтырушысы немесе татуаж жасайтын шебер мамандығы танымал болады деседі.

Мемлекет колледждер жүйесі арқылы кәсіби қайта бағдарлау жұмысына қаражат бөледі.

“Көк жағалыларға” – қарапайым инженерлерге – келсек, техникалық ағылшын тілін үйрене бастаған жөн. Бүгінде жұмысшы тобының мықты өкілі болып, бірнеше мың долларға дейін табыс табуға болады.

6. ӨНЕРКӘСІП, РИТЕЙЛ, ҚАЙТА ӨҢДЕУ САЛАЛАРЫН ҚАДАҒАЛАП ЖҮРІҢІЗ!

Өнеркәсіп зауыт

Машина жасау, химия, телекоммуникация, ритейл, мұнай өңдеу, көмір өңдеу, газ өңдеу, сирек кездесетін металдар мен жартылай бағалы тастарды өндіру және өңдеу салаларындағы жаңа вакансиялар мен бизнес-жобалар пайда болуын қадағалап жүріңіз. Ең қиын жылдары дәл осы салаларда тіршілік тоқтамайды. Осы кәсіпорындарға резюмеңізді жіберіп қойыңыз. Елдің басқа аймағына көшіп баруға әзір болыңыз.

Жағдай қанша қиындап кетсе де, осы салаларда ақша да, еңбекақы да болады. Жағдай орташа болса, ол жақта бәрі жақсы болады. Қазіргі дамыта бастаған экономика деген де осы. Жүздеген зауыт. Бірнеше жыл бұрын сол зауыттардың бар екеніне күмәнданатынмын. Өзім барып көргенге дейін. Өкінішке қарай, процесс ортасына да жеткен жоқ. Ол жақта жаңа білімдерді меңгерген білікті мамандар жетіспейді. Сондықтан қазіргі басты мәселе – ұтқыр болу. Ал бізде ғой, жиырма жасар жігіттердің өзі мүлде басқа нәрсеге ұмтылады.

7. ҚИЯЛДАРЫҢЫЗБЕН ҚОШ АЙТЫСЫҢЫЗ

Illusion.jpg

Аудиторлық “төрттік” сынды беделді компаниялардың біріне жұмысқа тұруды қанша адам армандайды деп ойлайсыз? Байқауда бір орынға жүз адамнан келеді. Бармен болуға қанша адам ұмтылады? Бір орынға – екі-үш адам. Ал министрліктер мен ұлттық компанияларға ше? Бір орынға – 63 адам! Сұмдық қой!

Бұл жастар әрқайсысы министр боламын, не ел басқарамын деп сенеді. Астанадағы қызмет көрсету сапасы сын көтермей келе жатқаны содан да болар? Жұрттың бәрі астанаға келді, бірақ оларды еш жер жұмысқа қабылдамайды. Енді олар ауылына қайтқысы келмей, қызмет көрсету саласына жұмысқа тұрады да, өшін өзі қызмет көрсететін адамдардан – тұтынушылардан алады.

Осының бәрі – өмір туралы жалған түсінік қалыптасқаннан.

Әрине, әлі жас қой, ақыл кірер деп сипай салуға болады, алайда, олардың ата-анасының да өмірден күтер бар үміті сол болып тұр ғой?

Түптеп келгенде, әрқайсымыз бойымыздағы әлсіздігімізді білеміз, не істеу керек екенін де білеміз. Әрқайсымыздың отбасымызда дәрігер болып жұмыс істейтін, бірақ тігін де тіге білетін әжеміз, құрылысшы болып жұмыс істейтін, бірақ пеш қалап, етік тіге алатын атамыз болды емес пе.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

1 пікір

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!